Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?
Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?
4 жыл бұрын 24511 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қан тобының адам ғұмырына әсерін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы i24-7-news.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы ауқымды зерттеуге мыңдаған адам тартылған әрі ұзақ өмір сүретіндер арасында бірінші қан тобындағылардың қарасы көп екенін анықтаған.  Қан құрамындағы антидене, эритроцит пен антиген жиынтығы адамның қаншалықты ұзақ өмір сүретінін айғақтайды. Ақыл-есі бүтіндігіне де, жадысының мықты болуына да, қандай да бір созылмалы ауруларсыз өмір сүруіне көмегін тигізеді. Бұл тарапта бірінші қан тобындағылардың өзге қан тобындағыларға қарағанда өмір сүретіні белгілі болды. Олардың организмі қандай да бір инфекциялық аурулардан да, қоршаған ортаның теріс әсерінен де жақсы қорғалған. Десе де бірінші қан тобындағылардың өз осал жері бар – жүрек пен жүрек қан тамыр ауруларына бейім келеді. Тек саламатты өмір салтын ұстанып, ішімдік, шылым, қомағайлық секілді жат әдеттерден бойын аулақ ұстағандарына жүректен болатын кінәраттан қорықпауына болады. Бірінші қан тобындағылар арасында сусамырмен ауыратындар қарасы аз, стреске төзімді келеді. Ал үшінші қан тобындағылар арасында қатерлі ісікке шалдыққандар қарасы көп. Ал төртінші қан тобындағылар арасында жүрек ауруларына шалдыққандар қарасы көп әрі бұл қан тобындағылар түрлі инфекциялық ауруларға бейім келеді.

Ұқсас материал:

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат