Психосоматикалық аурулардың физиологиялық тетігі анықталды
Психосоматикалық аурулардың физиологиялық тетігі анықталды
3 жыл бұрын 3301 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алдымен психосоматикалық аурулар дегеніміз не, соны анықтап алайық: жан сарайында болған жайсыздықтан ішкі ағзалардың дертке шалдығуы, яғни, қандай да бір жағымсыз сезімдерде, айталық, торығудан, қобалжудан, т.б. денеде туындайтын дерт ретінде сипатталады. Психотерапевт дәрігерлердің тұжырымдауынша, кез келген ауру ең алдымен түпсанада пайда болып, сонсоң организмде нақты көрініс табады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жолғы ізденіс пен одан түйген тұжырым өз кезегінде адам санасы мен тәнінің бір-біріне қаншалықты әсер ете алатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік бермек. Израил технологиялық институтының (Israel Institute of Technology) ғалымдары психосоматикалық ауруларды зерттей келе қызықты тұжырым жасады, дәлірегі, аурудың белгілі биологиялық себепсіз пайда болуының астарын үңіліп көрген екен. Бұл тарапта мидың осындай ауруды тудыру қабілетіне назар аударып көрген екен. Бұл тарапта тышқанға тәжірибе жүргізіп көреді – жасанды жолмен қабынуды тудырады. Артынан қабыну басылған соң осы дерт кезінде белсенділік танытқан мидың нейрондарын тағы белсендіріп көреді. Нәтижесінде кеміргіштің ұлтабары қабынған. Осыған қарағанда алдындағы қабыну туралы ақпарат, дәлірегі, естелік мида сақталып қалған, соның нәтижесінде мидағы дерт кезінде белсенділік танытқан нейрондарды қайта белсендіргенде қабыну қайта пайда болған. Аталған зерттеуге жетекшілік еткен Тамар Корен есімді ғалымның айтуынша, бұл эффектіні кері бағытта қолдануға болады. Мәселен, шын қабыну кезінде белсенділік танытқан нейрондардың белсенділігін басса, дерт бәсеңдейді.

0 пікір
Мұрағат