Психологиялық зақым алған әйел мен баланың ДНҚ-сы өзгереді
Психологиялық зақым алған әйел мен баланың ДНҚ-сы өзгереді
3 жыл бұрын 1941 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Психологиялық тұрғыдан ауыр жарақат алған әйел мен баланың күйзеліс (депрессия) пен шошыну, үрей, стресс секілді менталды ауытқулармен байланысты гендердің қызметін өзгертеді. Бұл ауытқу оның ұрпағына да беріледі. Бұл жайында islam.kz порталы usf.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Флорида университетінің ғалымдары бұл тарапта 59 адамның ДНҚ-сын зертей келе осындай тұжырымға келген. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандардың екі тобы болған: біріншісі – 1994 жылы Руандадағы геноцид кезінде аяғы ауыр болған тутсилік әйелдер мен олардың есейген балалары; ал екіншісі – сол кезде әлемнің өзге түкпіріндегі жүкті болған әйелдер мен олардың ұл-қыздары. Бірінші топтағы әйелдердің дені зорланған немесе кісі өліміне және өзге де қатыгездікке толы жантүршігерлік көріністерге өз көзімен куә болғандар. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Моника Уддин есімді ғалымның айтуынша, ДНҚ-дағы өзгеріс эпигенетикалық сипатта болады, оны гендердің мутациясымен шатастырмау керек. Ал эпигенетика тұрақтылығымен танылады, яғни, геннің қызметін бақылауға көмектесетін ДНҚ-ны химиялық жолмен түрлендіру арқылы қалпына келтіруге болады. Әдетте мұндай модификация қысқа мерзім ішінде орын алады – ДНҚ-ның негізгі тізбегіндегі өзгертуге қажеттісіне қарағанда. Геноцидтен (қанды қырғын) алған жан жарақаты эпигенетикалық паттернмен байланысты болмақ, бұл ұрпақ генінің функциясын төмендетеді.

Ұқсас материалдар: 

"Баланы ұрып-соғып тәрбиелеу бала миының дамуын тежейді" (https://islam.kz/kk/news/arturli/balany-uryp-sogyp-tarbieleu-bala-miynyn-damuyn-tejeidi-15244/#gsc.tab=0);

«Бала кезде алған жан жарасы мен тән жарақатына қатысты ақпарат оның ұрпағына да берілетін болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bala-kezde-algan-jan-jarasy-men-tan-jaraqatyna-qatysty-aqparat-onyn-urpagyna-da-beriletin-bolyp-shyqty-14725/#gsc.tab=0);

«Балаларды күш қолданып тәрбиелеуге басыбүтін тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/balalardy-kush-qoldanyp-tarbieleuge-basybutin-tyiym-salynady-12804/) 

0 пікір
Мұрағат