Пішінін өзгертетін сұйық батарея жасалды
|

Сұйық электродты, жаңа, жұмсақ батарея 500-ден аса қуаты сөнетін және қуаттау цикліне төтеп бере алады. Айрықша инновация болашақтың технологиясы мен экологиясына ықпалы орасан зор болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы Tech Xplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Линчепинг университетінің ғалымдары сұйық электродтарды қолдану арқылы кез келген пішінге ене алатын аккумулятор батареясын жасаған. Бұл жұмсақ және икемді аккумуляторлық батарея озық технологияларға интеграциялаудың тың мүмкіндігіне жол ашады. Аталмыш жоғарғы оқу орнының доценті Айман Рахманудин консистенциясы жағынан тіс пастасын еске түсіретін материалдың 3D-принтерінде қажетті пішіндегі батареяны алу үшін қолдануға болатынын алға тартып отыр. Он жылдан соң интернетке қосылған құрылғылардың саны бір триллионнан асады. Смартфондар, смартсағаттар және компьютерлер сияқты әдеттегі гаджеттермен қатар инсулин сорғылары, кардиостимуляторлар, есту аппараттары және денсаулықты қадағалауға арналған датчиктер сияқты адам өзімен бірге алып жүретін медициналық құрылғылар да жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, жұмсақ роботтар, электрондық тоқыма және жүйке имплантанттары да осы санатқа кіреді. Осы құрылғылардың барлығын тиімді пайдалану үшін аккумулятор батареяларының түбегейлі жаңа түрлері қажет. Осыны ескерген ғалымдар жұмсақ әрі икемді батарея жасады. Бұл тәсілдің негізгі ерекшелігі – электродты қатты күйінен сұйық күйге айналдырған. Жаңа жұмсақ аккумулятор қағаз өндірісінің қосымша өнімі – өткізгіш пластмасса мен лигнин негізінде жасалған. «Батареямыз әлі де жетілдірілмеген. Қазір кернеу бар болғаны - 0,9 Вольт. Ендігі біздің міндетіміз – кернеу деңгейін көтере алатын басқа химиялық қосылыстарды табу. Мүмкін болатын нұсқалардың бірі мырыш немесе марганецті, жер қыртысында кең таралған металдарды пайдалануға саяды», - деп түйіндеді сарапшы. Өз көлемінен екі есеге созса да жұмыс істейтін ерекше батарея әлі де жетілдіріледі.




