Паркинсон ауруына қатысты маңызды жаңалық ашылды
Паркинсон ауруына қатысты маңызды жаңалық ашылды
2 жыл бұрын 1298 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Паркинсон ауруы – жүйке жүйесіне байланысты ауыр дерт. Бұл неврологиялық патогеннің басты симптомы (белгісі): аталған дертке шалдыққан науқастың қимыл-қозғалысында ауытқу пайда болады. Айықпас аурулар санатына жатады, яғни, емі табылмаған аурулар қатарында. Бұл жайында islam.kz порталы University of Helsinki ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, ғалымдар аталған ауруға нендей факторлардың себеп болатынын, оның өршуіне қандай жағдайлардың ықпал ететінін білу үшін тынбай ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағытта фин ғалымдар елеулі жетістікке жетті. Пер Сарис есімді білікті маманның айтуынша, аталған аурудың атадан балаға берілуі, яғни, тұқым қуалау екінші деңгейдегі себеп қана – бұл дертке сыртқы факторлардың әсері алдымен рөл ойнайды, дәлірегі, аталған аурудың пайда болуына ылғалды қоршаған ортадан таралатын микробтар ықпал етеді: олар ми жасушаларының ішіндегі ақуыздарды қоздыратын қосылыстар бөледі, ал бұл қосылыстар өз кезегінде улы түйіршіктерді қалыптастырады. Мұндай тұжырымды фин ғалымдары бұрын жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, нәжістегі бактериялар концентрациясының (шоғырлану деңгейінің) жоғарылауына байланысты  асқынатынын көрсетті. Осылайша олар генетикалық тұрғыдан өңделген құрттарда бактериялардың болуы мен Паркинсон ауруымен сәйкес келетін мидағы физикалық өзгерістер арасындағы байланыс барын дәлелдеп отыр. Сарапшылар бұл жаңалық ауруды ерте анықтауға (диагнозын қою) мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Паркинсон ауруын емдеудің тың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/parkinson-auruyn-emdeudin-tyn-adisi-tabyldy-17734/#gsc.tab=0);

"Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/parkinson-auruynyn-erte-bilinetin-tagy-bir-belgisi-ataldy-14760/#gsc.tab=0);

"Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат