Паркинсон ауруын емдеудің тың әдісі табылды
Паркинсон ауруын емдеудің тың әдісі табылды
2 жыл бұрын 3107 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдегі Хайфа университетінің ғалымдары өздерінің рецензияланған зерттеуі ауруды ерте жастан анықтап тиімді күресуге мүмкіндік беретін тың әдіске жол ашуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған NJP Parkinson’s Disease мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мидың бір бөлігіндегі әлсіз электр тогын түзету арқылы Паркинсон ауруын емдеуге болады, дейді израильдік ғалымдар. Паркинсон дертіне қарсы дәрі-дәрмек жасаудағы негізгі қиындық мынада - аталмыш ауру өз алдына бөлек ауру деп аталса да көптеген ғалымдар оны жалпы белгілері бар көптеген аурулардың ортақ термині ретінде көреді. Паркинсон ауруының негізінде жатқан генетикалық мутациялар шамамен 15% жағдайда ғана анықталған. Осыған байланысты ғалымдар дәрі әсер етуі мүмкін Паркинсоннан зардап шегетін науқастар миының жалпы немесе медициналық тұрғыдан алғанда конвергентті сипаттамаларын табуға тырысуда. Хайфа университетінің Шани Штерн есімді неврологы, дәрігер өз зерттеулерінде пациенттерден анықталған мутацияның барына немесе жоғына қарамастан олардың барлығы дені сау адамдармен салыстырғанда мидың белгілі бір бөліктеріндегі синаптикалық токтардың жылдамдығының төмендегенін көрсетті. Бұл нейрондар арасындағы өткізгіштер болып табылатын синапстардың астында пайда болатын ерекше токтар. Израилдік ғалымдар бұл тарапта синаптикалық ағымдар мен Паркинсон ауруы арасындағы байланысты анықтағандықтан, бұл дертпен күресудің жаңа стратегиясын қалыптастыруды көздеп отыр. Токтарды қалыпты деңгейге қайтаратын және осы өзгеріс арқылы Паркинсон ауруының дамуын баяулататын немесе тежейтін дәрі жасауға болады. Зерттеу әдісі ми жасушаларын діңгекті жасушаларына «қайта бағдарламалауды» да қамтыды. Діңгекті жасушалардан алынған жасушаларға талдау жүргізілді. Бұл процесс ғалымдарға жасушалардың әртүрлі жаста қалай әрекет ететінін көруге мүмкіндік берді және олар таңғаларлық жаңалық ашты: синаптикалық токтар жасушалар жас болған кезде де азаяды.

Ұқсас материалдар:

"Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/parkinson-auruynyn-erte-bilinetin-tagy-bir-belgisi-ataldy-14760/#gsc.tab=0);

"Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат