Отоларинголог үнсіздіктің қандай пайдасы барын тізбелеп берді
Отоларинголог үнсіздіктің қандай пайдасы барын тізбелеп берді
5 жыл бұрын 2537 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үнсіздіктің адамға тигізер пайдасы ұшан теңіз, деп есептейді отоларингологтар мен психологтар.  Ресейлік әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Людмила Полянованың айтуынша, кәсібі ұдайы тілдесуді қажет ететін мамандар мен мегаполис тұрғындары реактивті ойлау, деп аталатын дағдыға бой алдырып алған. Яғни, түрлі ақпараттар тасқынын қабылдап, соны сөз етіп жатады. Мұндай жүк адамның орталық жүйке жүйесінің қызметіне үлкен салмақ салады. Бұл жайында News.ru ақпарат көзі хабар таратты. Осының салдарынан адамның ұйқысы бұзылып, тәбеті қашып, бара-бара адамдармен тіл табысуы мұңға айналады. Бұдан бөлек, жүйкесіне салмақ түсіп қоймай, бас ауруын тудырады. Психологтар былайғы жұртқа ауық-ауық үнсіз қалып, оны әдетке айналдыруға кеңес береді. Үнсіздіктің ұзақтығы түрлі афкторларға байланысты болуы мүмкін, ең бастысы – сөйлеуден тыйылуды ақпараттық детокспен ұштастыра білу керек, яғни, ақпараттарды оқуды бір уақыт тоқтатып, түрлі тілдесулер мен жүздесулерден бас тарта тұру керек, сонда ғана үнсіздік процедурасының денсаулыққа тигізер пайдасы білінеді. «Ақпараттық ваккум жағдайында адам рефлекстік ойлауға бой алдырып, санасы айқындалады, мән бермей келген нәрселердің шындығына көз жүгіртеді, т.б. Адам өзінің бойынан қуат алуды үйренеді»,- деді әлеуметтанушы. Әлеуметтанушының бұл пікірімен психология ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясының психология институтының қызметкері  Галина Ожиганова да келісіп отыр. Сарапшының сөзіне қарағанда, үнсіздік пен адам интеллектілік деңгейінің арасында байланыс бар. Оның пайымдауынша адам неғұрлым кемелдікке қадам басып, ақылы толысқан сайын үнсіздікке бейім келеді. Артық сөйлеуден немесе пайдасыз бос сөз сөйлеуден тыйылады. Бұған қоса, көп сөйлемейтін адамдар креативті ойлауға бейім тұрады. Яғни, қосымша қабілеттері ашылады. Жоғары санаттағы оториноларинг дәрігер Владимир Зайцев үнсіздіктің медициналық көрсеткіші барын алға тартып отыр. Оның айтуынша, сөйлеу аппараты бірнеше ағзадан тұрады: тамақ, көмей, тіл, таңдай, т.б. Бұл ағзаларға да тыным беруі тиіс. Ол тәулігіне алты сағаттан артық тілдесудің аталған ағзаларға салмақ түсіретінен ескертіп отыр. 

0 пікір
Мұрағат