Организмнің қажетті жеріне дәріні жеткізетін микробиот жасалды (видео)
Организмнің қажетті жеріне дәріні жеткізетін микробиот жасалды (видео)
2 жыл бұрын 972 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар дыбысыпен қозғалатын, яғни, дыбыспен басқарылатын титтей микробиот жасады. Бұл жайында islam.kz порталы colorado.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол бактериялар мен сперматозоидтар сияқты биологиялық жүзушілердің орбиталық қозғалысына еліктейді, яғни, салады, имитациялайды. Осылайша Колорадо университетінің зерттеушілері дәрі-дәрмекті дененің қажетті жеріне жеткізе алатын кішкентай, жылдам, өздігінен жүретін бот жасау арқылы медициналық микророботиканы бір қадам алға жылжытты. Ғалымдар бұл тарапта табиғи, яғни, биологиялық жүзгіштердің, мысалы, бактериялар мен сперматозоидтардың бір қалыпқа жатқызуға болмайтын қозғалыстарды қолдана отырып, күрделі, ішкі ортада қалай қозғалатынына назар аударған. Организм жатырамайтын, яғни, биологиялық тұрғыдан үйлесімді полимерлерден жасалған микроботтың ортасында бот сұйықтыққа батырылған кезде ауаны ұстап тұратын сфералық қуысқа ие болады. Ауа көпіршігі ультрадыбыстық сияқты акустикалық толқынға соқтығысқанда, ол дірілдеп, диаметрі небәрі 20 микрометр – адам шашының енінен бірнеше есе аз роботты алға қарай жылжытады. Күрделі ортада қозғалысын барынша арттыру үшін бот оны орбитаға айналдыратын және өте кішкентай зымыранның көрінісін беретін симметриялы және асимметриялық қанаттармен (есуші қанаттар) жабдықталған. Қанаттар, сонымен қатар, микроботқа секундына шамамен 3 мм қозғалуға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар:

«Дәріні адам организімінде синтездейтін бактерия пайда болды. Дәрі жеткізудің тың әдісі: жасушасы мен ақуызы бар гидрогел» (https://islam.kz/kk/news/gylym/darini-adam-organiziminde-sintezdeitin-bakteriya-paida-boldy-dari-jetkizudin-tyn-adisi-jasushasy-men-aquyzy-bar-gidrogel-16955/#gsc.tab=0);

«Адам денесінде жүзіп, қатерлі ісіке дәрі жеткізетін микроробот жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-denesinde-juzip-qaterli-isike-dari-jetkizetin-mikrorobot-jasaldy-video-16070/#gsc.tab=0);

«Микророботтар дәріні жеткізу үшін биологиялық кедергілерді еңсеруді үйренді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikrorobottar-darini-jetkizu-ushin-biologiyalyq-kedergilerdi-enserudi-uirendi-13430/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат