Оқ тәрізді ұшақ лайнерге қарағанда отынды 80%-ға үнемдейді (видео)
Оқ тәрізді ұшақ лайнерге қарағанда отынды 80%-ға үнемдейді (видео)
3 жыл бұрын 2524 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлеуеті зор Celera 500L ұшағы жазғы сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында islam.kz порталы The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшақ конструкциясын құрастырған Otto Aviation компаниясы Celera 500L ұшағын пайдалануы арзанға түсетін бизнес-джет ретінде жобалағанын мәлімдеді. Celera 500L ұшағының артықшылығы мен ерекшелігі неде? Ол, біріншіден, оқ пішінінде жасалған. Мұндай дизайн классикалық ұшаққа қарағанда аэродинамикалық кедергіні бірнеше есе кемітуге мүмкіндік бермек. Сынақ кезінде ол 55 рет сәтті ұшып, жалпы саны 51 сағат әуеде болған. Celera 500L алты жолаушыны сағатына 740 шақырым жылдамдықпен діттеген жеріне жткізеді. Celera 500L, екіншіден, лайнерге қарағанда арзанға түседі пайдаланылуы – лайнерге сағатына 2100 доллар кетсе, бұл ұшу аппаратына бар-жоғы 328 доллар шығын кетеді. Үшіншіден, ол классикалық ұшаққа қарағанда отынды 80% аз қажет етеді. Осыған байланысты қоршаған ортаға зияны аз. Otto Aviation компаниясы Celera 500L ұшағын 2025 жылы пайдалануға бермек.

0 пікір
Мұрағат