Оптикалық Wi-Fi су астында шектен тыс жылдамдықпен байланысты қамтамасыз ете алады (видео)
Оптикалық Wi-Fi су астында шектен тыс жылдамдықпен байланысты қамтамасыз ете алады (видео)
4 жыл бұрын 3628 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Лозанна федералды политехникалық мектебінің (EPFL) жанында жұмыс істейтін Hydromea компаниясының мамандары мұхит бетінен есептегенде 6000 мтер тереңдікте де жұмыс істей беретін шағын оптикалық модем жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. LUMA деген атауға ие болған бұл құрылғы 50-ден 100 метрге дейінгі қашықтықта өте үлкен жылдамдықпен деректерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Суасты Wi-Fi-дың жұмыс істеу принципі Li-Fi технологиясына ұқсас. Яғни, көрінетін жарықты пайдаланып мәліметті сымсыз тасымалдай алады. Аталмыш құрылғының деректі беруші функциясы жарық көзінен цифрлы деректерді кодтайды. Ал мәліметті қабылдаушы функциясы фотолық сезімтал элемент негізінде оптикалық сигналды қабылдайды. Технологиялардағы бар айырмашылық толқын ұзындығы әр түрлі жарықты пайдалануында жатыр. Аталмыш жүйені Германиядағы Альфред Вегенер атындағы полярды және теңізді зерттеумен айналысатын институт ғалымдары  Тынық мұхитында, теңіз деңгейінен 4280 метр тереңдікте сынап көрді. LUMA құралы жоғары қысымнан қорғайтын мықты пластик корпуста орналасқан. Пластик мөлдір әрі жарық сигналын 50-ден 100 метрге дейін беруге қауқарлы. Бұл жаңа технология терең су астынан беткі жағына ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат