Нейрондық байланысты түзетін микророботтар жасалды
Нейрондық байланысты түзетін микророботтар жасалды
2 жыл бұрын 1146 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореядағы Тегу Кенбук ғылыми-техникалық институтының (DGIST) ғалымдары нейрондардың байланысын қалыптастыратын микророботтар жасады. Бұл жайында аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Material мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мидағы аурулар мен ауытқулардан зақымданған жүйке жасушаларын соңғы жылдары түрлі тәсілдермен қалпына келтіруге талпыныс жасалып келеді: жасушалық терапия өнімдері мен жасушаны жеткізу әдістері, сондай-ақ, донорлық жасушаларды дәл және инвазивтілігі (Инвазия (лат. invasio «басып кіру, енгізу») - адамжануар немесе өсімдік ағзаларына табиғаты жануарлардан болып келетін (қарапайым ішек құрттарыбунақденелілерпаразиттердің енуі және олардың өзара әрекеттестіктерінің әрі қарай дамуы – Уикипедия) аз тәсілмен  енгізу үшін микророботтарды қолданатын технологиялар әзірленді. Осы бағыттағы алдыңғы зерттеулер тек жасушалардың құрылымдық және функционалдық байланыстары үшін тиімді нәтиже көрсете алды. Таңғы шық елінің білікті мамандары нейрондық желі байланысын құра алатын Mag-Neurobot микророботтарын ұсынып отыр. Бұл тараптағы тәжірибе барысында олар зертханадағы тышқанның гиппокампының негізгі жүйке жасушаларына магниттік темір оксидінің нанобөлшектерін бекітіп көрді. Магниттік нанбөлшектер роботтың сыртқы жағына да бекітілді – қажетті жерге магниттік өріспен жылжуы үшін. Магнит пен жүйке жасушаларының биологиялық тұрғыдан бір-бірін қаншалықты жатырқайтынын білу үшін бұл тарапта сынақ жүргізілді және ол сәтті аяқталды. Содан кейін микроробот кеміргіштің гиппокампының тіндік аймағына орналастырылды. Иммунофлуоресцентті талдау арқылы микророботтағы жасушалар мен гиппокампалық ұлпа бөліміндегі жасушалардың құрылымдық байланыс түзетіні анықталды. Жаңа жасушалардың қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін ғалымдар микроэлектродтар массивін (MEA) пайдаланды. Жасушалық импулстардың гиппокамп тінінің аймағындағы жүйке жасушалары арқылы таралатыны анықталды. Бұл жаңалықты неврологиялық ауытқуларды арнайы емдеуде және жасушалық терапияда қолдануға болады.

0 пікір
Мұрағат