Нейрофизиологтар: адам оқуды тоқтатқанда оның миы өзгереді
Нейрофизиологтар: адам оқуды тоқтатқанда оның миы өзгереді
4 сағат бұрын 69 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оқу процесі адам миыны әсер етеді: кітап оқу әдетінен бас тартудың салдары ауыр болады. Ғалымдардың тұжырымы осындай. Бұл жайында islam.kz порталы Neuroimage мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Reading Agency (оқуды насизхаттайтын британдық ұйым) келтірген дерегіне қарағанда, адамзаттың 50%-ы кітап оқу ләззатынан айырылып қалған, ал әрбір төртінші жас адам (16-24 жас аралығындағы) ешуақытта кітап бетін ашпағанын мойындаған. Ғалымдар бұл тарапта 1000-нан аса адамның деректерін талдаудан өткізіп, оқу әдеті әрқалай адамдар миының қартаюындағы айырмашылықты анықтады. Ең көп айырмашылық мидың сол жағындағы екі аймағынан байқалған:

-         жақ ақпаратты қорытуға жауап береді. Мәселен, «аяқ» сөзін көр арқылы, аяқтың қалай қозғалатынын жөніндегі ақпараттарды біріктіру арқылы түсінуге болады.

-        Гешлиа қыртысы – дыбысты қабылдау мен өңдеуде маңызды рөл ойнайтын есту қабатының маңдай-самай тұстағы көлденең қыртыс.

Мидың сол жағындағы бөлк мәтіннің мазмұнын түсінуге көмектеседі. Оұу процесі өз кезегінде Гешлиа қыртысының дамуына да ықпал етеді, дәлірегі, мәтінді естуге және өңдеуге көмектеспек. Ал бұрын Гешлиа қыртысының кішіреюін дислексиямен (оқуды қиындататын ауытқумен) байланыстырған еді. Бұдан бөлек, мидың сол жақ қыртысында миелиннің (сигналдарды жылдам беруді қамтамасыз ететінн жүйке талшықтары) көп мөлшері шоғырланған. Ми икемді әрі тез бейімделетін ағза. Түрлі факторларға. Мидың бұл қасиетін ақпараттарды қабылдау мен өңдеуден көрінеді, мәселен, қандай да бір машыққа дағдылану. Міне, осыған байланысты оқу процесі мидың анатомиялық құрылымын өзгертуге қабілетті келеді. Осылайша оқу процесі адамның конгнитивті қабілетін ұштап, өмір сүру сапасын жақсартады.

0 пікір
Мұрағат