Не өлі емес, не тірі емес...
Не өлі емес, не тірі емес...
5 жыл бұрын 4045 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вирус – табиғаттың әлі күнге құпиясы ашылмаған жұмбағы. Олардың «денесінде» жасушы атымен жоқ, әрбірден соң олар паразит секілді өз бетінше тіршілік етуге қабілетті. Вирустар гендік ақпаратты түрлі комбинацияда жеткізетін РНК және ДНК молекулаларынан, липидті қабаттан, қорғану қабығынан тұрады. Осыларға, яғни, осындай  жаратылысы мен құрылымына, өз-өзін көбейте алатын қабілетіне қарап оларды тірі табиғатқа жатқызуға болар еді... Десе де вирустар белокты өздігінен синтездей алмайды. Бұдан бөлек, жасушадан тыс жерде олар тіршілік белгісін таныта алмайды, бар-жоғы молекулалар жиынтығына айналады. Бұл ерекшелігі оның тірі емес обьекті ретінде танытады. Сонымен, оларды қайсысына жатқызатын болдық? Егер солай деп атауға тура келсе, өзінше бір ағза XIX ғасырда адамзатқа белгілі болды. Бір жағынан, олардың «бойынан» тірі нәрсеге тән қандай да бір белгіні таба алмайсың, олар өзге жасушаға мейлінше тәуелді. Сонымен бірге, олар мутацияға ұшырай алады, яғни, теориялық тұрғыдан алғанда олар дамуға бейім тұрады. Сөйтсе де ғалымдар жер бетіндегі барша тірі ағзалардан бұрын жаратылғанын алға тартып отыр. Олардың жаратылғанына шамамен миллиард жыл өткен. Әрбірден соң олардың көбісі ұзақ уақыт бойы «қатып қалады». Яғни, олардың дамуы өзгелердің даму эволюциясынан бөлек – олар басқа заңға бағынады. Белгісіз...

Ви́рус — тірі жасушаның ішінде пайда бола алатын жасушалы емес инфекциялық агент. Вирустар өсімдік пен жануардан бастап бактерияға дейін барлық организмді зақымдай алады. 

0 пікір
Мұрағат