NASA пайдалы қазбалар алу үшін астероидты қармағына түсірмек
|
NASA пайдалы қазбалар алу мақсатында астероидтарды қармағына түсірулі көздеп отыр. Бұл жайында Байқоңырға жұмыс сапарымен келген аталмыш ғарыш мекемесінің маманы Чарлз Болден баспсөз мәслихатында мәлім етті. «Жекеменшік компаниялармен бірігіп жүзеге асыратын бұл бағдарлама бойынша ай маңындағы кеңістікке астероидтарды бағыттаймыз әрі қармаймыз. Егер аталмыш жобаны жүзеге асырудың сәті түссе, онда коммерциялық фирмаларға осы астероидтардан пайдалы қазбаларды өндіруге мүмкіндік береміз»,- деді ол.
NASA адамдарды МАРСқа терең ұйқыға шомдырып жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр
NASA Марсқа ұшқысы келетін адамдарды қызыл планетаға оларды 180 күнге созылатын терең ұйқыға шомдыру арқылы жеткізуді көздеп отыр. Бұлай істеу өз кезегінде 560 миллион шақырым қашықтыққа ұшу құнын азайтуға мүмкіндік береді. Діттеген межеге жеткенше астронавтардың аштықтан немесе шөлден өлмеуі үшін олар іштей қоректендіріліп, анабиоз ықпалында болады. Ал дененің мұздатылуы хладагент буының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көөзі хабар таратты. Америкалық SpaceWorks Enterprises компаниясының өкілі доктор Марк Шаффер Канаданың Торонто қаласында өткен асстронавтардың 65-ші халықаралық конгресінде осы тақырыпта баяндама жасады. Адамды терең ұйқыға шомдыру жүйесі бұрыннан бар. Нақтырақ айтқанда, өткен ғасырдың 80-ші жылдары табылған, ал 2003 жылдан бастап ауыр жарақат алған пациенттерді емдеу үшін медицина тәжірибесінде қолданылып келеді. Әдетте мұндай күйдегі адам бір аптадан артық жата алмайды. Осыны ескерген ғалымдар оның уақытын алдымен 90 күнге, артынан 180 күнге ұзартудың жолдарын ойластырып отыр.
RhinoChill жүйесі адам денесінің қызуын сағатына бір градус төмендетеді. Ол үшін адамның мұрны арқылы ағзасына салқындатқыш сұйықтық беріледі. Адам денесін Цельсия бойынша шамамен 32 градусқа дейін мұздату процесі алты сағатқа созылады. Салқындатқыш сұйықтықты беру тоқтатылған сәтте адам оянады. Ұйқыда жатқан астронавты шағын капсулада ұстауға болады. SpaceWorks дерегіне қарағанда, бұл жоба ғарыш кемесінің көлемін кішірейтуге әрі Марсқа ұшып баруға қажетті жүктерді молырақ тиеуге ұшуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, адам сүйегінің жұмсаруын әрі бұлшық еттерінің босаңсуын барынша азайтатын айналмалы жасанды гравитация ортасын жасау да назардан тыс қалмаған. Тағы бір баламалы жолы: экипаж мүшелерін кезек-кезек екі немесе үш күн ояу күйінде ұстап, артынан екі апта анабиоз ықпалында ұстау.
NASA МАРСқа арналған тікұшақ құрастыруда
NASA мамандары Марсты одан ары зерттеу мақсатында Қызыл планетаны танып-білудің тиімді жолдарын іздестіріп жатыр. Осы мақсатта Марстың күйіне бейімдеп, тікұшақ құрастыруда. Бұл тікұшақтар марскезбелер түрлі кедергілер мен тосқауылдардан өте алмаған, жете алмаған тұстарды төбеден бақылап, зерттеуге мүмкіндік берер еді. Тікұшақ өз кезегінде күн энергиясымен жұмыс істейтін болады. Әзірге бұл жобаның бастапқы кезеңі жасалып жатыр.
Жапониялық робот екі мәрте Гиннес рекордтар кітабына енді
Халықаралық ғарыш стансасынан оралған робот Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол бір емес, екі түрлі жетістік бойынша дипломмен марапаттылды.
Киробо атты құлтемір алғашқысын "Ғарышқа шыққан тұңғыш тіл біткен робот" номинациясы бойынша алды. Ал екіншісі "Жер шарынан ең жоғары биіктікке көтерілген робот" деген дәреже бойынша бұйырды.
Қаршадай ғана құлтемір адамның сөзін ұғынумен қоса оның бет-жүзі арқылы кім екенін танып-біліп, емін-еркін әңгімелесе алады. Сонымен қатар жапондық инженерлер өнертабысының үлкен көлемді ақпараттарды есте сақтау қабілеті бар.
Сол себепті де Киробо – жалғыз басты жандар я болмаса ғарышкерлер сияқты саяхатшылар үшін теңдесі жоқ жолсерік.