Мөлдір ағаш полиэтиленнің экологиялық таза баламасына айналуы мүмкін
Мөлдір ағаш полиэтиленнің экологиялық таза баламасына айналуы мүмкін
2 жыл бұрын 1084 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар полиэтиленнің биологиялық тұрғыдан ыдырайтын баламасын тапты - мөлдір ағаш беріктігі бойынша полиэтиленнен кем түспесе де экологиялық жағынан одан айтарлықтай жоғары, яғни, қоршаған ортаға тигізер зияны өте төмен. Бұл жайында islam.kz порталы  аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science of The Total Environment  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай мөлдір материалдан қаптамадан бастап, медициналық құралдарға дейін кез келген нәрсені жасауға болады. Жыл сайын адамзат 400 миллион тоннаға дейін пластмасса тастайды, оның артып келе жатқан бір бөлігін бір жолғы пайдаланылатын қаптамалар мен ыдыстар құрайды. Полипропилен және поливинилхлорид сияқты қоршаған ортаға зиянды мұнай негізіндегі пластмассалардан тұратын бұл қалдықтар жылдар бойы қоршаған ортаны ластап, жануарлар мен өсімдіктерге үлкен қауіп төндіреді. «Классикалық» пластмассалардың көптеген баламаларының бірін неміс ғалымы Зигфрид Финк 1992 жылы жасаған болатын, содан бері бұл тараптағы технология үнемі жетілдірілуде. Солардың бірі - лигнин (ағашқа қаттылық беретін зат) алдымен жойылып, содан кейін эпоксидті шайырлар сияқты мөлдір полимерлермен ауыстырылатын ағаш. Соңғы сатысында бұл өнім 90 пайызға дейін мөлдір болуы мүмкін, сонымен қатар, ол – табиғи ортада тез және оңай биологиялық тұрғыдан ыдырайтын соққыға төзімді материал. Басқа ұқсас түрлерімен немесе баламаларымен салыстырғанда, осылай өңделген ағаштың қоршаған ортаға залалы аз және оны өндіруге электр қуаты көп кетпейді. Өндірістің соңғы сатысынан кейін, яғни, дайын өнім түрінде қоршаған ортаға тигізер зияны шыныға қарағанда жоғары, есесіне полиэтиленнен төмен, сондықтан, аталмыш технологияны пластикалық қаптаманы ауыстыру үшін өнеркәсіптік өндіріске батыл енгізуге болады. Мөлдір ағаш өндіру технологиясы әлі де жетілдірілуде, сондықтан жақын арада оның құрамындағы ықтимал улы эпоксидті шайырды қауіпсіз аналогтармен ауыстыруға болады, содан кейін мұндай материалдың экологиялық тиімділігі кәдімгі шыныдан асып түсетін болады. Осынау берік, жеңіл және оңай өзгертілетін (лигнинді алмастыратын заттар арқылы) материал барған сайын зерттеушілердің назарын аударуда және көп ұзамай мұндай материалдан тұрмыстық техникаға немесе ағаш су құбырларына арналған ағаш корпустар пайда болуы мүмкін

Обычная и прозрачная древесина: хотя последнюю все еще нельзя назвать полной заменой стеклу, она легко сможет выступить в качестве пластика / © livemint.com

Қарапайым және мөлдір ағаш: соңғысы әлі де әйнекті толық алмастыра алмаса да ол пластик ретінде пайдалануға болады / © livemint.com

Ұқсас материалдар:

«Қалдықсыз қайта өңдеу әдісі пластиктің көпшілігін экологиялық жағынан зиянсыз етеді» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/qaldyqsyz-qaita-ondeu-adisi-plastiktin-kopshiligin-ekologiyalyq-jagynan-ziyansyz-etedi-17483/#gsc.tab=0);

«Пластикті өңдеудің пайдасы болмай шықты әлемді құтқару үшін» (https://islam.kz/kk/news/alem/plastikti-ondeudin-paidasy-bolmai-shyqty-alemdi-qutqaru-ushin-16133/#gsc.tab=0);

«Әлемегі пластик қоқыстың тек он пайызы ғана өңделетін болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemegi-plastik-qoqystyn-tek-on-paiyzy-gana-ondeletin-bolyp-shyqty-16449/#gsc.tab=0);

«Бір жолғы емес, бірнеше рет пайдалануға болатын пластик шөлмектен қауіпті қосындылар табылды: олардың 70%-ы беймәлім қосындылар» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bir-jolgy-emes-birneshe-ret-paidalanuga-bolatyn-plastik-sholmekten-qauipti-qosyndylar-tabyldy-olardyn-70-y-beimalim-qosyndylar-16415/#gsc.tab=0);

«Пластик пакет қағаз пакетке қарағанда экологияға зияны аз болып шықты»  (https://islam.kz/kk/news/arturli/plastik-paket-qagaz-paketke-qaraganda-ekologiyaga-ziyany-az-bolyp-shyqty-15723/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0);

«Пластик пакеттен экологиялық дизелді отын алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastik-paketten-ekologiyalyq-dizeldi-otyn-alyndy-16118/#gsc.tab=0);

«16 сағат ішінде пластикті ыдырататын фермент табылды. Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/16-sagat-ishinde-plastikti-ydyratatyn-ferment-tabyldy-plastikti-qorek-etip-qorytatyn-qurt-tabyldy-16953/#gsc.tab=0);

"Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-bir-taulikte-joq-qylatyn-ferment-tabyldy-16776/#gsc.tab=0);

«Пластикті залалсыздандырудың тағы бір тәсілі табылды» ( https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-zalalsyzdandyrudyn-tagy-bir-tasili-tabyldy-15793/#gsc.tab=0);

«Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-miga-da-enui-mumkin-zertteu-16096/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жа»ыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0);

«Пластикті өндіруге, қолдануға, импорты мен экспортына тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/plastikti-ondiruge-qoldanuga-importy-men-eksportyna-tyiym-salyndy-16996/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат