Миды магнитпен стимулдеу (ынталандыру) арқылы адамдарды жақсылық жасауға баулуға болады
Миды магнитпен стимулдеу (ынталандыру) арқылы адамдарды жақсылық жасауға баулуға болады
3 жыл бұрын 1350 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жоғарғы экономика мектебінің нейрофизиологтері адамның миын магнит көмегімен стимулдеудің (ынталандыру) оларды жомарт жанға айналдыратынын алға тартып отыр, дәлірегі, альтруизмге бейімділігін арттыратын болып шықты. Бұл жайында islamkz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеу барысында мамандар бұл тараптағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан  адам миының маңдай тұстағы алдыңғы бөлігінің (префронталды қыртысы) белгілі бір аймағын транскраниалды магнитпен стимулдеу тәсілін қолданған. Бұл неинвазивті әдіс адамның бас сүйегінен өтіп, нейрондардың белсенділігін басып тастайтын магнитті қысқа импульстерді генерациялауға негізделген. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандар «Диктатор» және «Жомарттық» деп аталатын экономикалық ойынға қатысады. Ойынның бірінші бөлігінде тәжірибеге қатысушылардың бірі ойынға қатысып отырғандарға ақшаны таратады, ал өзгелері оның қаншалықты әділ бөлгенін бағалайды. Ойынның екінші бөлімінде ақшаны үлестіруші адам белгілі бір қаражатты өзінде қалдырады. Дорсолатералды, префронталды қыртыстың белсенділігі басылған кезде «Диктаторға» қатысқандардың жомарттығы оянған, ал «Жомарттағылардың» мінезі сол қалпы қалған, яғни, өзгермеген. Бұл нені білдіреді? Бұл дорсолатерлі қыртыстың адамның эгосы мен алтруистік қыры бір-бірімен қайшы келгенде ғана шешім қабылдауға атсалысатынын көрсетеді. Кезінде италиялық ғалымдар адамның өмір сүруіне кедергі келтіретін, жанын жаралайтын жағымсыз естеліктерді осындай тәсілмен (миды магнитпен стимулдау) кетірген болатын. Бұл жайындағы зерттеу материалы Current Biology мерзімді басылымында жарық көрген еді. 

0 пікір
Мұрағат