Ми жасушаларының қартаю процесін тежеудің амалы табылды
Ми жасушаларының қартаю процесін тежеудің амалы табылды
4 жыл бұрын 3258 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: ScieNews.com

Швейцариядағы Цюрих университетінің ғалымдары мидың қартаю тетігін зерделей келе оеы бәсеңдетуге болатынына көз жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Healthcare Channel мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл зерттеу барысында нейронды діңгекті жасушаның дұрыс жұмыс істеуіне B1 ламин ақуызының қатысы барын анықтайды. Оргагизм қартайған сайын оның саны азая береді, бұл жайт өз кезегінде зиянды ақуыздардың таралуын тежеп, нәтижесінде бір орынға жинала бермек, соңында жаңа нейрон қалыптастыру үшін жасушаның бөліну процесі баяулайда. Мұның сырын ашу үшін ғалымдар бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп, тышқанда аталған ақуызды жасанды жолмен көбейтіп көреді. Нәтижесінде діңгекті жасушалар белсенді бөлініп, жаңа нейрондар қалыптастырған. Осылайша ғалымдар мидың қартаю процесін B1 ламиннің концентрациясын арттыру арқылы тежеуге болатынына көз жеткізген. Десе де Цюрих университетінің жанындағы зерттеу институтының ғалымдар тобының жетекшісі Себастьян Джессбергер бұл тараптағы зерттеу жалғасын табатынын жеткізді. Ғалымдар аталмыш жаңалықтың қарт адамдардың нейрогенез деңгейін арттыруға әрі Альцгеймер секілді нейродегенеративті дертке шалдыққан науқастарға көмектесуге септігін тигізетініне үміт артып отыр.

0 пікір
Мұрағат