«Мәңгі химикаттарды» жарық көмегімен жоюдың жолы табылды
«Мәңгі химикаттарды» жарық көмегімен жоюдың жолы табылды
1 ай бұрын 988 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

«Мәңгі химикат» деген атауға ие болған пер- және полифторалкиллі қосылыс қоршаған ортада ыдырамайды, ауа мен су және азық-түлік арқылы организмге еніп, түрлі қабынулар тудырып, аурулар (екінші типті сусамыр, гормон ауытқуы, семіздік, қатерлі ісіктің кейбір түрлері, т.б.) жамайды. Бұрын аса қуатты химиялық заттарсыз немесе тым жоғары температурасыз ыдырамайтын «мәңгі химикатты» қытай ғалымдары катализатор мен ультракүлгін жарықтың көмегімен екінші мәрте қайта пайдалануға болатындай етіп өңдеудің жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мәңгі химикаттарға» шамамен 14 мың фторлы органикалық заттар жатады. «Мәңгі химикаттарға» жататын тефлон, мәселен, күнделікті қолданылатын ыдыс-аяқ пен электроникалық бұйымдар өндірісінде кеңінен қолданылады. Қытайдың ғылыми-техникалық университетінің және Нанкин технологиялық жоғарғы оқу орнының ғалымдары жарықтан белсенділігі оянатын катализаторды пайдалана отырып, «мәңгі химкаттың» беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін көміртек-фтор байланысын үзе алды. Катализатор жарықты сіңіріп, «мәңгі химкатты» тұзда ыдыратын энергияны қалыптастырды: көміртек-фтордың берік байланысы салыстырмалы түрде 40°C -тан 60°Cааралығындағы температурада үзілген. Бұл тараптағы зерттеу өз кезегінде органикалық синтездегі негізгі жетістікке айналды. Тиімді әрі экологиялық жағынан таза технология ретінде алға шығады. Тіпті, пластик құрамындағы «мәңгі химикаттарды» жоюға да болады. Бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан ғалымдар аталмыш технологияны «мәңгі химикаттармен» ластанған топырақта да, суда да қолдануға болатындай етіп жетілдіруге болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат