Мамандар аспирин мен қатерлі ісіктің арасында қандай байланыс барын түсіндіріп берді
Мамандар аспирин мен қатерлі ісіктің арасында қандай байланыс барын түсіндіріп берді
4 жыл бұрын 2103 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Обыр ұлттық институты мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аспиринді ұдайы тұтыну қатерлі ісіктен болатын өлім қатерін кемітеді. Бұл жайында islam.kz порталыDaily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш танымал дәрі қанды сұйылтып, қан түйіршіктерінің пайда болуының алдын алады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибеге өз еркімен тартылған ерлер мен әйелдерден 140 мың адам аттай 13 жыл қатарынан онкологиялық скринингтік зерттеуге қатысты. Нәтижесінде аспириннің басқа да пайдалы тұстары белгілі болды, дәлірегі, сүт және қуық безі обырының алдын алуғап көмектескен. Аптасына үш мәрте аталған дәріні қабылдағандардың сүт безі обырының қаупін төрттен бірге, қуық безінің қатерлі ісігінің қаупін үштен бірге кеміткен. Десе де дәрігерлер аспиринді ұдайы қабылдамас бұрын алдымен мамандармен кеңесуге кеңес беріп отыр. Аспиринді жиі тұтынатындар арасында қатерлі ісігі барлардың аталған дерттен өлу қатерін аспиринді қабылдамаған науқастарға қарағанда 25%-ға төмендеткен. Дегенмен осы тұста мынаны ескерте кетеміз: аспирин қатерлі ісіктің пайда болуы мен дамуын тежемейді немесе емдемейді, бар-жоғы аталған аурудан өлу қатерін азайта алады.

0 пікір
Мұрағат