Майлы тағамнан бас тартудың арты емі жоқ ауруға ұрындыруы мүмкін
Майлы тағамнан бас тартудың арты емі жоқ ауруға ұрындыруы мүмкін
4 жыл бұрын 9238 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Йел университетінің ғалымдары анықтағандай, организмде май қышқылы жетіспесе, иммундық жүйенің қызметіне нұқсан келтіріп, шашыраңқы склреозға – жүйке талшықтарының қабықшалары күйрейтін ауыр дертке шалдықтырады. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар көз жеткізгендей, шашыраңқы склероздан зардап шегетін науқастың бойында олеин қышқылының деңгейі төмен болып шыққан. Аталған қышқыл май, ет, жұмыртқа, күнбағыс дәнінде, жаңғақта, ірімшікте, сүтте, зәйтінде және авокадода кездеседі. Аталмыш қышқылдың тапшылығы инфекциялық ауруларға қарсы иммундық жүйенің реакциясын тудыратын Т-жасушасын белсендіретін метаболилік (зат алмасу) сенсордың жоғалуына алып келмек. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар шашыраңқы склероздан зардап шегетін науқастың май тініне олеин қышқыл енгізіп көргенде оның организміндегі Т-жасушасының деңгейі артқан. Реттеуші қызмет атқаруда маңызы зор Т-жасушасы азайса, иммундық жүйе орталық жүйке жүйесінің сау жасушаларына шабуылдайды. Осылайша тағамның құнарлығын шектеудің арты аса қауіпті аутоиммундық ауруларға алып келетіні белгілі болып отыр. Әлбетте, бұл арада майды және майлы тағамдарды шектен асыра пайдаланудың да арты жақсылыққа апармайтынын білесіздер: жүрек-қан тамыр аурулары, сусамыр, семіздік, т.б. дерттерді тудырады. Десе де орта жолды ұстанып, мөлшеріне қарай құнарлы тағамдарды да тұтынып отырған дұрыс.

Ұқсас материалдар:

«Шашыраңқы склерозды емдеу тәсілі табылды» (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/shashyranqy-sklerozdy-emdeu-tasili-tabyldy-14510/#gsc.tab=0);

«Биологтер склероздың дамуын тездететін факторды анықтады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/biologter-sklerozdyn-damuyn-tezdetetin-faktordy-anyqtady-14282/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат