Күн энергиясын 18 жылға дейін сақтай алатын жүйе жасалды
Күн энергиясын 18 жылға дейін сақтай алатын жүйе жасалды
3 жыл бұрын 1806 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швециядағы Шалмерс технологиялық университетінің және Шанхай жоғарғы оқу орнының ғалымдары күн сәулесінен энергия жинап, оны 18 жылға дейін сақтай алатын, қажет кезінде энергияны беретін жүйе ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell Reports Physical Science мерзімді басылымына сілеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар аталған энергетикалық жүйеден жылу түрінде энергия алуға қол жеткізген. Ендігі жерде бұл жүйені термоэлектр генераторына қосып, электр өндіру жолын тапқан. Ғалымдардың айтуынша, бұл сұраныс бойынша сақталған күн энергиясын пайдалана отырып, өзін-өзі зарядтайтын электрониканы жасау жолындағы алғашқы қадам. Бұл айналып келгенде күн энергиясынан электр қуатын алудың мүлдем жаңа тәсілі. Шалмерс университетінің химия және химиялық технология кафедрасының профессоры Каспер Мот-Поулсеннің айтуынша, осылайша күн энергиясын ауа райының қолайсыздығына, тәулік мезгіліне, маусымға немесе географиялық орнына қарамастан күн энегиясын пайдалану жолы табылды. Аталған жүйе атмосфераға көмірқышқыл газын бөлмейді. Molecular Solar Thermal Energy Storage Systems (MOST) деп аталатын жаңа технология күн сәулесінің әсерінен пішінін өзгертетін, арнайы жасалған молекулаға негізделен. Осы зерттеуге атсалысқан Шалмерс технологиялық университетінің ғалымы Шықан Уанның сөзіне қарағанда, құлаққап, смарт сағат және телефон сияқты электронды құрылғыларға кіріктіруге болатын өте жұқа чип түріндегі мұндай генератордың әлеуеті жоғары.

0 пікір
Мұрағат