Көзәйнектің булануына жол бермейтін технология пайда болды
Көзәйнектің булануына жол бермейтін технология пайда болды
2 жыл бұрын 1597 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Гидрофилді молекулалар арқылы суды жай тарататын басқа әдістерден айырмашылығы - бұл әдіс конденсация процесінің басталуына жол бермейді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Nanotechnology ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Цюрихтегі Швейцария жоғары мектебінің ғалымдары температура төмендегенде немесе бетперде кигенде көзілдіріктің буланып кетуіне жол бермейтін нанотехнологияны ойлап тапты. Алтыннан жасалған нано-қаптама әйнекті шамамен 8 градус температураға дейін қыздырып, инфрақызыл сәулеленудің үлкен мөлшерін сіңіреді. Қалыңдығы 10 нм қаптаманың құрамында, яғни, титан оксиді қабаттары арасында алтын бар, ол сыну салдарынан қыздыру әсерін күшейтіп қана қоймай, алтынды тозудан қорғайды. Конструкция, сонымен қатар, аптап ыстықта немесе жылы ауа-райында қызып кетудің алдын алады, өйткені, ол радиацияның көзілдіріктің екінші жағына жетуіне жол бермейді. Ғалымдар бұл технологияны кәдімгі өндіріс әдістерін қолдана отырып жасағанын алға тартып отыр. Басқаша айтқанда, компаниялар аталмыш технология үшін шығынға батыратын өздерінің өндіріс желісін жаңартуға немесе өзгертуге мәжбүр болмайды. Алтын қымбат материал болғанымен өте аз мөлшерде қолданылады (көзілдіріктің қабаты қалыпты алтын жапырақтан шамамен 12 есе жұқа), бұл жайт көзілдіріктің бағасын айтарлықтай арттырмайды. Дегенмен, ғалымдар басқа металдарды пайдалану амалын қарастыруда. Ғалымдар бұл өнертабыстың көлік әйнегінің, айналарының, т.б. буланыуының алдын алу үшін де пайдалы болады, деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат