Компьютер жылдамдығын 400 есеге арттыратын суперөткізгіш пайда болды
Компьютер жылдамдығын 400 есеге арттыратын суперөткізгіш пайда болды
3 жыл бұрын 2119 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың бір жақты суперөткізгіштің геометриялық прогреспен дамуы компьютерлермен ақпаратты өңдеу жылдамдығын айтарлықтай арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Компьютер бір орнына тұрмайтын, яғни, ұдайы даму үстінде болатын сала. Таяуда бұл тарапта копьютер жылдамдығын 400 есеге арттыратын амал табылды. Нидерландыдағы Дельтф университетінің ғалымдары бір жақсы суперөткізгіш әзірледі – нөлдік қарсылық есебінен ол қарсы бағыттағы кез келген токты бұғаттайды. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибелер нәтижесі жаңа өнертабыстың энергияны үнемдейтінін ғана емес, сонымен бірге, компьютердің ақпаратты өңдеу жылдамдығын 400 есеге арттыратынын көрсетіп берді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Мажар Әлі жаңа құрылғыны сипаттай келе суперөткізгіш диодтардың есептеуіш техника саласында төңкеріс жасайтынын атап өтті. Осылай деге ол суперөткізгіштер энергияны үнемдей отырып, электронды құрылғылардың есептеу жылдамдығын жүздеген есеге арттыру мүмкіндігіне ие екендігін жеткізді. Бұл бағыттағы ізденіс бұрыннан болғанымен, суперөткізгіштің өткізу қасиетін бұғаттау проблемасы шешімін таппаған болатын, тіпті, бұл тығырықтан шығу үшін ғалымдар магнитті алаң көмегімен де шешуге тырысқан еді. Ғалымдар тобы токтың ағыс бағытын бөгеудің балама әдісін ойлап тапты. Олар Джонс Хопкинс университетіндегі әріптестері жасаған жаңа кванттық затты пайдаланды, оған Nb 3 Br 8 коды берілді. Графен сияқты оның қалыңдығы атомдық деңгейге сәйкес келеді. Nb 3 Br 8 аралық қабатымен екі суперөткізгішті қосу өз кезегінде магнит өрісін пайдаланбайтын, бір жақты токты қамтамасыз ететін Джозефсон диодын жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта ғалымдар тағы бір кедергімен күресуде - өте төмен температураға (-196 ° C) қол жеткізу, осылайша құрылғыны қалыпты температурада жұмыс істеуі үшін тер төгуде. Осы межеге қол жеткізсе, оны жаппай өндіріске шығарады.

0 пікір
Мұрағат