Коллаген мен синтетикалық талшықтан артерия жасалды
Коллаген мен синтетикалық талшықтан артерия жасалды
4 жыл бұрын 2551 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жүрек талмасының салдарын жою, яғни, емдеу барысында зақымдалған артерияны алмастыру үшін әдетте науқастың аяғынан қан тамырын кесіп алып жатады. Десе де пациенттің бойында лайықты қан тамыры болмай жататын кездері де ұшырасады. Бұл жағдайды одан ары шиеленістіріп, ушықтырып жібереді. Осыны ескерген ғалымдар коллаген жібі мен синтетикалық талшықты байланыстыратын жасанды артерия жасауға қол жеткізді. АҚШ-тағы Солтүстік Каролина университетінің және Кейс Вестерн Резерв жоғарғы оқу орнының ғалымдары бірігіп, гибридтік иірілген жіп жасау үшін жіп тәрізді коллаген мен полилактикалық қышқыл негізінде талшық алуға қол жеткізді. Содан соң материалды дөңгелектеп тоқу машинасына тыққан еді, ол өз кезегінде нағыз артерия секілді жиырылып кеңейе алатын түтікшеге байлады. Аталмыш түтікше трансплантатқа арналған каркас, яғни, уақытша каркас ретінде алға шығады – жіптерден тұратын екі зат та организмде жақсы ериді. Каркасқа науқастың өз эндотелии жасушасы (қан тамырының эндотелии жасушасы қан тамырының тонусы мен қанның ұю процесін реттеп қоймай, сонымен қатар, қабыну мен иммундық жауап беруді реттеуге де қатысады) қондырылады, яғни, артерия қабырғасына түзеді. Коллагеннің арқасында жасуша жақсы жабысатын болады, сол себепті, гибридтік материалға таза синтетикаға қарағанда 2,3 есе артық жасуша орнығады. Өкінішке қарай, қолдан жасалған бұл артерия нұсқасының кем-кетігі көп: онда бітуі ұзаққа созылатын саңылау көп, сол себепті, қанның жылыстауы орын алады. Бәлкім, жіптердің қалыңдығын әлі де жіңішкерте түсу керек шығар немесе өру (тоқу) көзін мейлінше тығыз түріне ауыстыру керек шығар – ғалымдар осы олқылықты жою үшін тер төгетін болады.

Синтетическая артерия

0 пікір
Мұрағат