Көлемі шаң тозаңындай болатын жаңа тіршілік иесі табылды (фото+видео)
|
Америка құрама штаттары аумағындағы Моно көлі биік туф түзілімдерімен, яғни, тау жыныстарымен немесе жанартау шөгінділерімен, кермек татитын асшаяндардың көптігімен және мышьяк пен цианиді мөлшері жоғары тұзды судың жанында өмір сүруге бейімделген сілтілі шыбын-шіркейдің қара бұлттай қаптаған үйірімен танымал. Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдары көлдің таяз суларында жасырынған тағы бір ерекше тіршілік иесін тапты - жануарлардың шығу тегі туралы 650 миллионнан астам жыл бұрын айтып бере алатын тіршілік иесі турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org мерзімді басылымына және labrujulaverde.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көлемі шаң тозаңындай болатын айрықша организм Barroeca monosierra түрінің хоанофлагеллаты реетінде алға шығады. Ол жануар эмбриондарының қалай пайда болатынына ұқсас көп жасушалы колонияларға бөлініп, дами алатын микроскопиялық бір жасушалы тіршілік формасы. Хоанофлагеллаттар біржасушалыдан көпжасушалыға өтудің аса жарқын мысалы. Көлде өзінің микробиомасы (қоршаған ортасы) бар, бұл микробиом оны бактерияларды жай ғана жейтін тршілік иесіне ғана емес, сонымен қатар, оны олармен тұрақты әрі нақты қарым-қатынасты қалыптастыратын алғашқы белгілі хоанофлагеллатқа айналдырады. «Хоанофлагеллаттар туралы мәлімет өте жұтаң. Егер біз олардың экологиясын түсінсек, талай қызықты биологиялық құбылыстардың табиғатына қанығар едік», - деп түсіндіреді Калифорния университетінің молекулалық және жасушалық биология профессоры, Беркли және Ховард Хьюз медициналық институтының ғалымы Никол Кинг. Хоанофлагеллаттар әдетте тек микроскоп арқылы көрінеді. Су биологтары көбінесе олардың бар екенін елемейді, олардың орнына макроскопиялық жануарларды, фотосинтездеуші балдырларды немесе бактерияларды зерттейді. Даниел Рихтер есімді Беркли университетінің ғалымы Шығыс Сиерра-Невададағы жорығынан оралған кезде титтей тіршілік иесінің үлгілерін жинады. Сол кезде Моно көлінің суы хоанофлагеллаттар колонияларына толы болды. Білікті маман бұл жолында микроскоппен көргендердің ең үлкеніне кез болған екен. Шамамен 100-ге жуық хоанофлагеллетті жасушаларды құрайтын колониялар әрбір жеке жасуша флагелласын жылжытқанда айналатын шар құраған екенн. Сондай-ақ, ДНҚ қуыс колониядан да табылған, онда жасушалар болмауы керек еді. Қосымша зерттеулерден кейін магистрант Кейли Хейк оның бактерия екенін анықтады. Болашақта бактериялардың хоанофлагелляттармен қалай әрекеттесетінін білу үшін арнайы тәжірибе жүргізілетін болады. Зертханада өткен зерттеу барысында бактериялардың хоанофлагеллаттардың жұптасуын ынталандыру арқылы афродизиак ретінде әрекет ететінін және бактериялар колониялар құру үшін бір жасушалы формаларды ынталандыра алатынын көрсетті.
Mono Lake is located east of the Sierra Nevada, just outside Yosemite National Park. Dotted with tufa formations, the lake’s salty water is laced with arsenic and cyanide, but is home to unique flies and brine shrimp as well as choanoflagellates. Credit: Nicole King