Көлемі бактериядан да кіші наноробот жасалды
Көлемі бактериядан да кіші наноробот жасалды
6 жыл бұрын 2692 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары даниялық және неміс әріптестерімен бірге магниттік алаңның әсерінен көздің шыны тәріздес қабатына (көз торы мен қарашығының арасындағы кеңістікті толтыратын мөлдір зат) өте алатын наноробот жасады. Ғалымдардың айтуынша, бұл алғашқы көз қарашығының ішіне дәріні жеткізетін құрылғы болмақ. Адам шашының диаметрінен шамамен 200 есе кіші наноробот бактерия көлемінен сәл кіші, пішіні спиралды еске түсіреді. Бұл ерекшелік құрылғының шыны тәріздес денеден оңай өтуіне мүмкіндік бермек. Құрылғының сыртынан қапталған арнайы «тайғақ қабат» та көздің шыны тәріздес денесінен оңай енуге мүмкіндік бермек. «Біздің бұл аңалығымыздың негізінде nepenthes жыртқыш өсімдік тобына жататын  непентес беткі жағынан табылған зат бар. Ол жәндіктерді аулайтын жабысқақ қабатпен бүркемеленген»,- деді аталған жаңалық авторларының бірі У Чжигуан. Бұл жайында қытайлардың "Синьхуа" ақпарат агенттігі хабар таратты. Ғалымдар аталған құрылғыны доңыздың көзінде сынақтан сәтті өткізілген. Бұл құрылғы болашақта медицина саласында кеңінен қолданылады. Дәлірегі, көздің барлық ауруын емдеуде пайдаланылатын болады.

0 пікір
Мұрағат