Климат өзгерісіне қарсы тұруға көмектесетін екі жаңалық
Климат өзгерісіне қарсы тұруға көмектесетін екі жаңалық
4 жыл бұрын 3238 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті
Күн панелін алмастыратын бояу 

Викториядағы Веллингтон университетінің химия және физика мектебінің қызметкері, доктор Натаниэль Дэвис бастаған ғалымдар тобы күн энергиясын зерттеу саласында маңызды кезеңге аяқ басқандарын мәлімдеді. Олар бүгінде кеңінен қолданыла бастаған, қымбат тұратын күн батареясын алмастыратын бояуды жасау үстінде. Жаңа бояу ғимараттың шатырына боялады – күн сәулесін сіңіріп, үйді жылытады. «Бояу күн сәулесін сіңіріп, күн батареясына бағыттайтын люминесцентті молекулалардан тұрады»,- деп түсінді Натаниэль Дэвис. Бүгінгі таңда Жаңа Зеландиядағы күн панелдерінің орташа бағасы шамамен 900 доллар тұрады. Ал ғалымдардың айтуынша, күн сәулесін сіңіретін бояу арзан әрі ол ондаған жылдар бойы үйді жылыта алады.

Доктор Натаниэль Дэвис

Аптап ыстықта бөлме ішін ысып кетуден сақтайтын технология

Кореялық ғалымдар сырттан ішке ыстықтың өтуіне кедергі келтіретін жаңа материал жасады. Бұл жайындағы зерттеу мақала Energy Conversion and Management мерзімді басылымында жарияланды. Жаһандық жылынуға байланысты соңғы жылдары аптап ыстық жан төзгісіз болып келеді. Оның үстіне, қапырықты сейілту үшін қолданылатын желдеткішті пайдалану оңтайлы шешім болмай тұр – энергияны көп тұтынатыны үшін. Бұл қымбатқа түсетін әрі қоршаған ортаға залалы көп тәсіл. Осыған байланысты корейлік ғалымдар ыстықтың ішке өтуін тежейтін әрі ғимаратты салқындату жүйесіне түсетін жүкті жеңілдететін материал жасап шығарды. Корейлік ғылым және технология институтыныКорейлік ғылым және технология институтының (KIST) ұлттық зерттеу бөлімінің қызметкері Сарнг Ву Карнг бастаған ғалымдар «кезеңдік өту» деп аталатын материалдың (PCM — phase change materials) көмегімен бұл проблеманың шешімін тапты. PCM — қоршаған ортадан немесе сырттан енетін жылуды сіңіретін немесе бөлетін материал. Ол кезеңдік өту кезінде температураны өзгертпейді. Мұндай материалдардың арасында кеңінен тараған, яғни, шырақды жасауды пайдаланылатын парафин майы. Қатты PCM-ді құрылыс кезінде ғимараттың қабырғасында қолдануға болады. Сырттан жылу кіретін жолдарды бұғаттау үшін.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат