Жерді салқындату үшін атмосфераға күкірт шығарылды (видео)
|
MIT Technology Review журналы планетаны салқындату үшін жер атмосферасына күкірт шығарған стартап басшысымен сұхбатты жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Калифорниялық Make Sunsets стартапы стратосфераға күкірт бөлшектерін тасымалдайтын метеоозон шарларын шығарды. Олар стратосферада жарылып, химиялық зат бөлуі мүмкін. Бұл шара жаһандық жылыну әсеріне ұшыраған жер планетасын салқындату үшін қолға алынып отыр. Десе де стратосфераға күкірт бөлшектерін тасымалдайтын шарлар жарылды ма? Бұл жағы белгісіз, өйткені, шарлар бақылау құралдарымен жабдықталмаған. Теориялық тұрғыдан алғанда, атмосферадағы күкірт жаһандық жылынудың әсерін азайта алады, алайда, сарапшылардың кейбіреуі мұндай технологияға сенімсіздік танытып отыр. Y Combinator компаниясының аппараттық қамтамасыз ету жөніндегі бұрынғы директоры Люк Ейсман негізін қалаған стартап күн геоинженериясына арналған. Геоинженерия технологиясын жақтаушылар күн сәулесін ғарышта шағылыстыратын әртүрлі бөлшектерді атмосфераға «жіберу» жаһандық жылынуды азайтады, деп есептейді. Негізінде геоинженерия саласындағы барлық зерттеулер тек ойша жүзеге асырылатындықтан күмәнді көрінбек. Дегенмен, Make Sunsets климатты бұлайшы қолдан өзгерту әдісі іс жүзінде жұмыс істейтінін немесе істемейтінін тексеріп көрмек болған. Бір қызығы, стартап күкіртті ауа-райы шарларын ешқандай нормативтік рұқсатсыз немесе ғылыми мекемелердің тексеруінсіз ұшырылған. Ол метеоозонды шарларға бірнеше грамм күкірт диоксиді қосқан әрі оларды гелиймен толтырған, ғалымның пікірінше, бұл қоспалар шарды стратосфераға дейін көтеруге немесе алып шығуға жеткілікті. Аталмыш стартаптың негізін қалаушы компанияның «бүгінгі таңда ең озық моделдеу деректерімен» жұмыс істеп жатқанын және жоба «сарапшылармен кеңесіп, бірлесіп жұмыс істегісі келетінін» жеткізді. Десе де аты аталған ғалымның бұл әрекеті мамандар тарапынан қатаң сынға ұшырады. Сарапшылар оны алдымен геоинженерия қауымдастығымен ақылдасып әрі қоғамның рұқсатын алып жобасын жүзеге асыруға шақырды.