Жерді алдағы 30 жылда қатты суық жайлайды
Жерді алдағы 30 жылда қатты суық жайлайды
8 жыл бұрын 2866 ҚазАқпарат

Енді бірнеше жылдан кейін Жер бетіне салқын ауа райының циклы келіп, ол планетаны 30 жыл уақыт шамасында суықтың құшағында ұстап тұрады. Ресей ғылым академиясына қарасты Түмен ғылыми орталығының төрағасы Владимир Мельников осындай тұжырым жасап отыр, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Ғалымның пайымынша, бұл жылдарда ауаның орташа температурасы 1,5-2 гра­дусқа дейін төмендейді. Ол, сонымен қатар, ауа райының суытуы тұрғындардың денсаулық жағдайларына кері әсер ет­пейтінін, мұны жан-жануарлардың да жақ­сы көтере алатынын айтып, жұртты бекерге алаңдамауға шақырады.

Мельников ерте замандарда күн қаба­ғының бұлайша күрт суытуының талай рет орасан зор апатқа алып барғанын, себебі, ол кезде адамдардың суықтан қорғана алатын қабілеттері мен жағдайлары болмағанын атап өтеді. «Ертедегі дәуірлерде мұндай суықтардан жан-жануарлар түр-түрімен қырылып кеткен. Алайда, ол кездері ауаның төмендеуі тұтас бір территорияларды қамтып, циклдер барын­ша ұзаққа созылып тұрған. Ал бұл жолы ол тап мұндай ауқымды уақыт аралығын алмайды», - дейді ол.

0 пікір
Мұрағат