Жасанды зерденің технология мүмкіндігінен тыс деп есептелетін тағы бір таңқаларлық қабілеті белгілі болды
Жасанды зерденің технология мүмкіндігінен тыс деп есептелетін тағы бір таңқаларлық қабілеті белгілі болды
2 ай бұрын 1196 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жонатан Фишер есімді Массачусет технологиялық институтының (MIT) жасанды зерде (АІ) технологиясының жетекші ғалымы AI-ның фотосуреттерді талдау және олардан жеке ақпаратты алу мүмкіндігін көрсететін жаңа зерттеу нәтижесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Америка құрама штаттарының ұлттық стандарттар мен технологиялар институтының мәліметі бойынша заманауи алгоритмдер адамның суреті арқылы жасын, жынысын, ұлтын, тіпті, жеке басының қасиеттерін дәл анықтай алады. Америкалық ғалым пайдаланылған нейрондық желілердің 95%-ға дейін адамға тән мінезін дәл көрсеткені туралы дерек келтіре отырып, теңдесі жоқ технологияның бұл мүмкіндігі өз кезегінде қауіпсіздік пен сот сараптамасы салаларында жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Суреттерден деректерді тиімді алу үшін AI ашық көздерден, соның ішінде әлеуметтік желілерден және басқа онлайн платформалардан жиналған ақпараттың үлкен көлемін пайдалана отырып оқытылады. Адамның жеке басына қатысты мағлұматтарды жинау әрі өңдеу ісін биік белеске көтеретін, дәлірегі, дербес деректерді жинау мен өңдеуге кететін уақытты және қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретін жасанды зерденің бұл «қабілет-қарымы» керісінше зиянын да тигізуі мүмкін екенін жоққа шығармайды: жеке бас мәліметтерінің құпиялылығын сақтауда қауіпті болуы ммкін екенін ескертеді. Осы орайда АІ-дің мұндай мүмкіндігі 2020 жылы белгілі болғанын айта кетпекпіз. Scientific Reports мерзімді басылымында жарияланған бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінде АІ адамның фото-суретіне қарап оның қандай тұлға екенін анықтап бере алатын деңгейге жеткен.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды зерденің жалған сөйлегенін әшкерелеудің жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-zerdenin-jalgan-soilegenin-ashkereleudin-joly-tabyldy-20475/#gsc.tab=0);

«Жасaнды зерде... алдауды үйренді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-zerde-aldaudy-uirendi-20362/#gsc.tab=0);

«Ұжымдық жасанды зерде пайда болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ujymdyq-jasandy-zerde-paida-bolady-20123/#gsc.tab=0);

«Екі жасанды зерде бір-бірімен тілдесуді үйренді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/eki-jasandy-zerde-bir-birimen-tildesudi-uirendi-20073/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде «сөйлемес» бұрын алдымен ойланатын деңгейге жетті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-soilemes-buryn-aldymen-oilanatyn-dengeige-jetti-20021/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде адамды даусынан қандай көңіл күйде екенін анықтай алатын деңгейге жетті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamdy-dausynan-qandai-konil-kuide-ekenin-anyqtai-alatyn-dengeige-jetti-20042/#gsc.tab=0);

«Жасанды зердеден адамзатқа келер ықтимал қауіп жөнінде сарапшыларға сауалнама жүргізілді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-zerdeden-adamzatqa-keler-yqtimal-qauip-joninde-sarapshylarga-saualnama-jurgizildi-19795/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде адамзатқа төнген қауіптің бетін қайтарудың тың тәсілін ұсынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamzatqa-tongen-qauiptin-betin-qaitarudyn-tyn-tasilin-usyndy-20192/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде жаһандық проблеманы тереңдетеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-jahandyq-problemany-terendetedi-19710/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamzatqa-jasandy-zerdenin-qauipti-ekenin-ozi-eskertti-16172/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде де манипуляцияға бейім болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-zerde-de-manipulyatsiyaga-beiim-bolyp-shyqty-19448/#gsc.tab=0);

«Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/carapshy-jasandy-zerdeden-keletin-negizgi-qauip-qaterdi-atady-15773/#gsc.tab=0);

«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);

 «Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат