Жасанды зерде «сөйлемес» бұрын алдымен ойланатын деңгейге жетті
Жасанды зерде «сөйлемес» бұрын алдымен ойланатын деңгейге жетті
9 ай бұрын 893 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды зердені үйретудің тың әдісі пайда болды: жауап бермес бұрын адамша ойланатын қабілетке ие болмақ. Бұл жайында islam.kz поорталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте бүгінде әйгілі ChatGPT секілді чат-боттар не жазып жатқаны турасында ойланбайды, аллдағы әңгімені немесе сұхбатты одан ары өрбітудің түрлі нұсқалары мен мүмкіндіктерін бағамдамайды. Quiet-StaR деп аталатын жүйе жасанды зердеге диалог түріндегі тұспал мен ишаратқа жауап бермес бұрын параллелді түрде бірнеше ішкі негіздемелерді әзірлеп алуды ұйғарады. AI сауалға жауап бергенде ең қисынды жауапты шығара отырып, бұл болжамдардың қандай негізге сүйеніп алғанын көрсетеді немесе көрсетпейді. Оны сауалдың күрделігігіне қарай адам тексере алады. Нәтижесінде қисынға келмейтін, дәлірегі, бұрыс негіздемелерді алып тастау арқылы үйренеді. Негізінде оқыту әдісі AI агенттеріне болашақ әңгіме барысын болжауға және қазіргі сұхбат барысында үйренуге мүмкіндік береді. Ғалымдар Quiet-StaR алгоритмін ашық, бастапқы тілдің үлкен үлгісіне -  Mistral 7B тілдік моделіне қолданды және нәтижелерді arXiv preprint дерекқорында жариялады. Mistral 7B-нің Quiet-StaR-тренингтік нұсқасы кез келген жаттығуға дейінгі 36,3% көрсеткішімен салыстырғанда сынақ кезінде 47,2% жинады. Алайда, мектептегі математикалық тестілеуден 10,9% жинап, бұл бағыттағы сынақтан өте алмады. Есесіне бұл нәтиже әдеттегі нұсқадағы 5,9%-дан, яғни, бастапқы көрсеткіштен екі есе дерлік жоғары.

0 пікір
Мұрағат