Жасанды жолмен ағаш өсіріле бастады
Жасанды жолмен ағаш өсіріле бастады
3 жыл бұрын 1615 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ет өндірісінен жылына атмосфераға бөлінетін парникті газдың үлесі артып келеді. Бұл жайт өз кезегінде жаһандық жылынуды тездетіп, климат дағдарысын тереңдетуде (қараңыз: «Ет өндірісінен бөлінетін парникті газдың үлесі» (https://islam.kz/kk/news/alem/et-ondirisinen-bolinetin-parnikti-gazdyn-ulesi-15742/#gsc.tab=0) Осыны ескерген ғалымдар жасанды ет өндірісін қолға алуда (қараңыз: «Жасанды ет өндірісінде медициналық регенеративті әдіс қолданылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-et-ondirisinde-meditsinalyq-regenerativti-adis-qoldanylady-14904/#gsc.tab=0); "Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-kompaniyalarynyn-qatary-artyp-keledi-14643/#gsc.tab=0); "Жасанды ет төңірегіндегі талас-тартыс өршіп барады" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-toniregindegi-talas-tartys-orship-barady-12689/#gsc.tab=0); «Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-ondirisinin-kadimgi-et-onimderinen-qandai-aiyrmashylygy-bar-12523/#gsc.tab=0) Жасанды ет өндірісі өз кезегінде өзге де ресурстарды жасанды жолмен алуға жол ашып отыр. Солардың бірі – орманды отаудың алдын алу үшін зертханада ағаш өсіру тәжірибесі қолға алынды. Массачусет технологиялық институтының ғалымдары ағашты гель матрицасында өсіріп көрді. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бастапқыда цинни жапырағынан тірі жасушаны алып, қоректік сұйық ортаға орналастырады. Өсімдік жасушалары онда шапшаң көбейеді, содан соң оларды үш өлшемді гелдік матрицаға орналастырып көреді – өсіп-өнуі тоқтамайды. Ғалымдар өсіріліп жатқан ағаштың құрылымдық сипатын ауксин және цитокинин деп аталатын өсімдік гормондарының көмегімен «баптаған» екен – аталған гормондар жасушаларға линигинді істеп шығаруға мәжбүрлейді. Аталған органикалық полимер ағашқа қаттылық дарытады. Екі гормонның деңгейін сақтай отырып, ағаштың қаттылығын қалыптастыруға болады. нәтижесінде ғалымдар гелдік матрица пішінінде қатты ағаш құрылымын өсіруге қол жеткізген. Бұл технология жиһаз, өзге де ағаш бұйымдарын жасауға қолданылады. Осылайша орманның шектен тыс оталуына тосқауыл қоюға болады. Тіпті, жиһаз құрастыруға арналған бөлшектерін емес, бірден дайын жиһазды «өсіруге» болады – ол үшін пішінін өлшеп алса жеткілікті. Осынау зерттеуді қадағалаған Луис Фернандо Веласкес-Гарсиа есімді ғалым келесі кезекте бұл технологияны өзге өсімдік түрлеріне қолданып көру стратегиясын қарастыратындарын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат