Жас кезінде күйзеліске бой алдырғандардың қартайғанда алжу қатері артады
Жас кезінде күйзеліске бой алдырғандардың қартайғанда алжу қатері артады
3 жыл бұрын 2237 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Джон Хопкинс университетінің (АҚШ) ғалымдары жас кездегі депрессияның болашақта алжуға бастайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы content.iospress.com ақпарат көзі мен аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Alzheimer's Disease мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күйзеліс пен алжудың бір-біріне қандай байланысы бар? Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, күйзеліс адам жадысына жауапты ми бөлгінідегі гормондар қызметін бұзып, нәтижесінде алжуға ұрындырады. Бұл тараптағы тәжрибеге 20-89 жас аралығындағы 15 000 адам өз еркімен қатысқан екен. Оларды үш топқа бөлген жас шамасына қарай: біріншісі – жастар және салыстырмалы түрде жас саналатын ересектер (20-49 жас); екіншісі – егде жастағылар (50-69 жас); үшіншісі – қарттар (70-89 жас). Алдымен тәжірибеге қатысушылардыі күйзеліске бой алдырғанын немесе алдырмағанын анықтап алған. Содан соң депрессияға түскендердің мұндай халге қалай ұшырағанын, яғни, себебін, соның ішінде тұқым қуалайтын туабітті бейімділігін де ескерген.  Тексеру нәтижесінде жас санатындағылардың 13%-ы, егде жастағылардың 26%-ы және қарттардың 34%-ы белгілі бір деңгейде күйзеліске бой алдырғаны белгілі болды. Нәтижесінде депрессиядан зардап шеккен жастардың алжу дертіне шалдығу қатері 73%-ға, егде жастағыларда бұл көрсеткіш  43%-ға артқан. Ғалымдар мұны күйзеліске орталық жүйке жүйесінің лайықты реакция танытпауымен әрі стресс гормонының табиғи бөлінуіндегі ақаумен байланыстырып түсіндіреді. Стресс гормоны, яғни, глюкокортикоид бөлінеді, осының салдарынан жадының қызметін қалыптастыратын әрі есте сақтау қабілетін қамтамасыз ететін гиппокамп зардап шегеді. Ғалымдардың тұжырымы бойынша депрессиялық белгілер неғұрлым күштірек білінсе, адамның танымдық қабілеті мен конгнитивті қабілеті күрт төмендейді. Ал депрессияның орташа немесе ауыр симптомдары кездескен егде жастағылардың конгнитивті қабілетінің он жыл ішінде төмендегені байқалған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жас кездегі күйзеліс егде немесе қарт жасында депрессияға бой алдырғанына немесе алдырмағанына қарамастан конгнитивті қабілетін бәрібір төмендетеді. 

Ұқсас материалдар:

«Күйзелістің қабыну процесін күшейтетіні белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelistin-qabynu-protsesin-kusheitetini-belgili-boldy-15259/#gsc.tab=0);

«Күйзелістің (депрессия) ажалды жақындататын қатері белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelistin-depressiya-ajaldy-jaqyndatatyn-qateri-belgili-boldy-15097/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 1" (https://islam.kz/kk/news/arturli/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-1-11529/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 2" (https://islam.kz/kk/news/alem/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-2-11542/#gsc.tab=0);

"Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі" (https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат