Жарықтың конгнитивті қабілетке әсері зерттелді
Жарықтың конгнитивті қабілетке әсері зерттелді
2 жыл бұрын 1441 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Oleksii Piekhov / Unsplash

Мичиган университетінің (АҚШ) мамандары жарық деңгейінің когнитивті қабілеттерге әсерін зерттеді. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар шөп тышқандары – адамдар сияқты түнде ұйықтап, күндіз сергек жүретін кеміргіштерді бақылап қадағалады. Олар төрт апта бойы күңгірт (50 люкс, бөлмені жарықтандыруға тең) және жарқын (1000 люкс, супермаркеттегі жарықтандыруға ұқсас) жарықтың әсеріне ұшырады. Ғалымдарды жарықтың (қыста және жазда жарықтандырудағы маусымдық өзгерістерді моделдей отырып) ми қызметі мен мінез-құлқын қалай модуляциялайтыны қызықтырды. Содан кейін субъектілердің (тәжірибедегі кеміргіштер) лабиринттен (шытырманнан) қалай өтетінін қадағалады. Күңгірт жарықтың субъектілердің есте сақтауға жауапты мидың гиппокампындағы нейрондардың байланысын 30 пайызға дерлік төмендететіні белгілі болды. Сондай-ақ, көңіл-күй мен когнитивті ауытқудың орын алғаны анықталды. Осыған байланысты ғалымдар қыс мезгілінде далада көбірек уақыт өткізуді ұсынады (кем дегенде 15-30 минут), тіпті, күн бұлтты болса да (бұлтты күнде жарықтандыру деңгейі 10 000-нан 20 000 люкске дейін)

Ұқсас материалдар:

«Түнгі жарықтың қоршаған ортаға тигізер алапат әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-jaryqtyn-qorshagan-ortaga-tigizer-alapat-aseri-14362/#gsc.tab=0);

«Жарықта ұйықтаудың қатері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqta-uiyqtaudyn-qateri-aityldy-16412/#gsc.tab=0);

«Жасанды жарықта ұйықтаудың тағы бір қатері белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-jaryqta-uiyqtaudyn-tagy-bir-qateri-belgili-boldy-17134/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат