Жарық пен мыстың көмегімен көмірқышқыл газын отынға айналдыру жолы табылды
Жарық пен мыстың көмегімен көмірқышқыл газын отынға айналдыру жолы табылды
8 ай бұрын 898 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық зерттеу тобы нанокристалды көміртегі нитридіне қосылған мыс атомдарынан тұратын материал әзірледі. Күн радиациясына ұшырағанда бұл материал көмірқышқыл газын метанолға айналдырып, экологиялық таза отын өндірудің жаңа жолын ашады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.rsc.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Фото және электрокатализ көмірқышқыл газын пайдалы өнімге айналдыру үшін күн сәулесі мен суды пайдаланады. Мәселен, фотокатализде күн сәулесі электрондарды қоздыру үшін жартылай өткізгіш материалға түседі. Бұл электрондар материал арқылы өтіп, көмірқышқыл газымен және сумен әрекеттеседі. Десе де аталмыщ процестің тиімділігі төмен. Осыны ескерген ғалымдар конверсия тиімділігін арттыратын материалдарды іздестірген еді. Ғалымдар көміртегі нитридін фотокатализдің  қасиеттерін үшін арттыру үшін қыздырып көрді. Магнетронды шашырату арқылы зерттеушілер мыс атомдарын тұндырды. Нәтижесінде атомдар электрондардың көміртегі нитридінен көмірқышқыл газына ауысуына мүмкіндік беретін нанокристалды құрылымға айналады. Катализатор тудыратын электр тогын өлшей отырып, зерттеушілер мыс болмаса да көміртегі нитридінің нанокристалды түрі катализде қолданылатын кәдімгі түріне қарағанда 44 есе белсендірек екенін анықтады. Сонымен қатар, 1 г көміртегі нитридіне 1 мг мыс қосу тиімділікті төрт есе арттырды. Сонымен бірге, нәтижесінде метан емес, метанол – бағалы экологиялық таза отын шығарыла бастады. Бұдан бөлек, көміртекті отынның жанама өнімі - көмірқышқыл газын пайдалы заттарға айналдыруға болады.

0 пікір
Мұрағат