Жақсылық жасауға асығатындар жанға бататын ауруды сезіне бермейді
Жақсылық жасауға асығатындар жанға бататын ауруды сезіне бермейді
5 жыл бұрын 2974 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары бірқатар тәжірибе жүргізіп көрген екен – қандай да бір мотивацияның адамның ауруды қалай қабылдауына әсер ететінін анықтау үшін. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, риясыз жақсылық жасау адамды жанына бататын дерттен құтқарады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Proceedings of the National Academy of Sciences  мерзімді басылымында жарияланды. Бейжің университетінің және Қытай педагогикалық жоғарғы оқу орнының ғалымдары қандай да бір жақсылық жасауға итермелейтін әрекеттен ауруды қалай сезінетінін білу үшін қан тапсырған адамдардың екі тобына тәжірибе жүргізген. Олардың бір тобы таяуда орын алған зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсыратынын білген, ал екінші тобына қандай мақсатта қан тапсыратыны айтылмаған. Нендей мақсатта қан тапсырып жатқанын білгендер күретамырына ине салғанда және қан алып жатқанда еш ауырсынбаған. Екінші топтағыларға қарағанда. Ғалымдар олардың реакциясын білу үшін магниттік-резонанстық томографияның көмегіне жүгінген: альтруистік құлық ауру сезіміне реакцияны төмендете отырып, мидың белсенділігін өзгерткен.

0 пікір
Мұрағат