Жаңбыр тамшыларынан электр қуатын өндіретін генератор жасалды
Жаңбыр тамшыларынан электр қуатын өндіретін генератор жасалды
5 ай бұрын 879 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. © Dalian University of Technology, Yonghui Zhang

Қытай инженерлер тобы тамған тамшылардың энергиясын электр энергиясына тиімді жолмен айналдыратын магнитоэлектрлік генератордың үлгісін жасап шығарды. Бірегей құрылғы маусымдық ылғалдылығы жоғары аймақтар үшін пайдалы болуы мүмкін. Ғалымдардың бұл жетістігі теория жүзінде келешегі зор болып көрінеді, десе де оның нақты іс жүзінде қалай қолданылатыны әлі анық емес. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Applied Materials & Interfaces мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзат 150 жыл бойы электр энергиясын өндіру үшін су энергиясын пайдаланып келеді. Бастапқыда, дәлірегі, 19 ғасырдың аяғында су электр стансалары салына бастады Кейін технологияның дамуына байланысты кейбір мамандар жаңбырға, атап айтқанда, оның тамшыларының энергиясына назар аударды. Алынған энергиямен ғалымдар жарықдиодты шамдар мен желдеткіштер сияқты шағын жүйелерді қуаттауды көздеді, сонымен қатар, оны бұлтты ауа-райында күн панедерінің тиімділігін арттыру үшін пайдаланғысы келді. Далян технологиялық университетінің қызметкері Йунхуй Жан бастаған қытайдың инженерлер тобы көктен құлаған немесе тамған жаңбыр тамшыларынан айнымалы ток тудыратын құрылғы ойлап тапты. Ғалымдар өзгеше құрылғыны супергидрофобты магнитоэлектрлік генератор (MSMEG) деп атады. Негізінде бұл құрылғы неодим магниті бар шағын кастрөл және катушкаға бекітілген су өткізбейтін магнитті пленкадан жасалған қақпақ түрінде болып келеді. Қабықшаға тамшылар әсер еткенде, пленка уақытша деформацияланып, катушканы канистр ішіндегі магнитке қарай жылжытады және кішкентай электр зарядын қалыптастырады. Бұл бағытта 50 сантиметр биіктіктен тамған жаңбыр тамшыларымен тәжірибе жүргізілді: MSMEG 13 миллиампер электр тогын тудырды және 200 секундта шағын конденсаторды зарядтай алды, ол кейіннен жарықдиодтар мен желдеткіштерді «қуаттандыруға» мүмкіндік берді. Пленканың гидрофобты (яғни, су өткізбейтін, суды кері «итеретін» қабілеті бар) бетінің арқасында жаңбыр тамшылары одан шапшаң тайғанап, бүйіріне құлайды, бұл процесс қондырғының қатты жаңбыр кезінде де жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Десе де қытай ғалымының бұл құрылғысынығ тиімілігіне Дэвид Стоун (David Stone) есімді британдық әріптесі (электронды инженергияның білікті маманы) күмәнмен қарап отыр. Оның айтуынша, қытай ғалымының бұл құрылғысы тиімсіз, өйткені, нақты іс жүзінде қолданылуы екіталай.

Тест генератора

 

0 пікір
Мұрағат