Жаңа құрылғы ой арқылы басқарылады, миға имплантацияны қажет етпейді
Жаңа құрылғы ой арқылы басқарылады, миға имплантацияны қажет етпейді
2 жыл бұрын 1146 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Stentrode деп аталатын миды жазатын құрылғы жақын маңдағы қан тамырларының ішінде. Кескін: Synchron

Ми-компьютер интерфейсінің жаңа құрылғысы имплантация үшін миға ашық операция жасауды қажет етпейді. Титтей Stentrode құрылғысы мойын күретамыры арқылы ми қызметін оқиды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол жақын маңдағы қан тамырларынан мидың белсенділігін тіркейді. Аталмыш технологияның арқасында пациенттерге құрылғыны бас сүйегіне имплантациялау үшін операция қажет емес. Stentrode сал ауруына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған және оны оймен басқаруға болады. Бұл бағыттағы сынаққа қатысушылар құрылғыны мәтіндік хабарламалар мен электрондық пошталарды жасау, сондай-ақ, онлайн банкинг және сауда жасау үшін пайдаланып көрді. Осыған ұқсас құрылғылар әдетте миға имплантацияланады, ал мұндай имплантациялық ота Stentrode үшін қажет емес. Оның орнына, технология авторлары мотор қыртысына (Motor cortex) қол жеткізу үшін мидың қан тамырларын пайдаланады. Қозғалтқыш кортекс, сондай-ақ, қозғалтқыш қыртысы деп те аталады, ерікті қозғалыстарды жоспарлауға, басқаруға және орындауға жауап беретін ми қыртысының аймағы. Бұл тараптағы зерттеуге амиотрофиялық бүйірлік склероздан (ALS) зардап шегетін еуропалық төрт ер адам тартылды. Олар ерікті қозғалысты басқаратын жүйке жасушаларының өліміне әкелетін прогрессивті аурудан зардап шегеді. Тәжірибеге қатысушылардың барлығының аяқ-қолдарды жансызданып қалған және өкпе қызметі мен сөйлеу қабілеті түрлі деңгейде төмендеген. Тәжірибеге қатысушылардың әрбіреуіне жоғарғы сагиталды синусқа, мидан мойынға сұйықтықты ағызатын және мотор кортексіне іргелес жатқан күретамырына Stentrode орнатылған. Құрылғының өзі 16 электроды бар торлы материалдан жасалған. Дәрігерлер денеге катетер арқылы құрылғыны енгізеді және оны орнатқаннан кейін хирургтар торды синустың қабырғаларына тығыз орналасуы үшін кеңейтеді. Электродтардан кеудедегі шағын электронды құрылғыға сым өтеді, ол құрылғы арқылы жазылған ми сигналдарын компьютерге сымсыз жібереді.

Ұқсас материалдар:

Ми-компьютер интерфейсіне жалғанған AR-гарнитура адамның не ойлап отырған «айтып бере алады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mi-kompyuter-interfeisine-jalgangan-ar-garnitura-adamnyn-ne-oilap-otyrgan-aityp-bere-alady-video-16055/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат