Жаңа имплант адам ойын оқып, сөздерді мәтінге айналдырады
Жаңа имплант адам ойын оқып, сөздерді мәтінге айналдырады
2 жыл бұрын 1345 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар сөйлеу функцияларын орындаумен байланысты ми аймағына микроэлектродтарды имплантациялады. Бұл пациенттің ойша айтқан сөздерін тануға және оларды тікелей түсінікті мәтінге айналдыруға мүмкіндік берді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күндердің күні ми-компьютер интерфейстері экранды немесе пернетақтаны қолданбай-ақ электроникамен тікелей әрекеттесуге мүмкіндік береді. Десе де мұндай әзірлемелер, әсіресе, қимыл-қозғалысы шектеулі, сал ауруына шалдыққан адамдар үшін өте құнды, олар үшін ми имплантаты әлемге бірден-бір терезе бола алады. Ғалымдар бұл мақсатқа бірте-бірте жақындап келеді. Қазірдің өзінде «ойдың күшімен» сөзбе-сөз жазуға мүмкіндік беретін құрылғылар бар. Әдетте, олар пациент ойша пернетақтада теріп жатқанда немесе қолмен жазу процесін елестеткен кезде мотор кортексіндегі нейрондардың белсенділігін оқиды. Керісінше, жаңа жүйе сөздердің айтылуына ғана назар аударуды талап етеді және оларды әр тілде мәтінге айналдырады. Бұл жаңалықты Калифорния технологиялық институтының ғалымдары Америкалық нейробиология қоғамының жыл сайынғы жиналысында ұсынды. Аталмыш жүйе сол жақ супрамаргиналды гирусқа имплантацияланған құрылғыны пайдаланады (Бродман аймағы 40). Кортекстің бұл аймағы сөйлемді талдайды, ал оның зақымдануы рецептивті афазияға (сөздерді тану қабілетсіздігі) әкеледі. Сонымен қатар, дауысты дыбыспен тығыз байланысты, сөздерді сөз тіркестеріне қою арқылы таңдауға көмектеседі. Дәл осы жерде ғалымдар Юта массивін имплантациялады, ол жерде орналасқан нейрондардың белсенділігін оқитын жүз кремний микроэлектродтары бар. Бұл тараптағы тәжірибеге тетраплегиядан зардап шегетін, яғни, барлық төрт аяқ-қолы сал болып қалған науқас тартылды. Ол көру, оқу және сөйлеу қабілетін сақтап қалған, бұл жайт өз кезегінде ғалымдарға аталмыш жүйесінің жұмысын бағалау үшін кері байланыс берді. Зерттелуші пациентке алдын ала анықталған сегіз (басқа тәжірибеде төрт) сөздің біріне сәйкес келетін таңба көрсетілді. Сәл үзілістен кейін ол бұл сөзді ойша айтты да екінші үзілістен кейін дауыстап қайталады. Супрамаргинальды гирустағы нейрондардың сигналдары оларды жеткілікті дәлдікпен түсіндіретін компьютерге жіберілді. Сегіз сөзден тұратын жиынтық үшін ол 72 пайызды, төртеуі үшін 90 пайыздан астамды құрады. «Біздің құрылғы ішкі ойды тікелей болжайды, бұл артықшылық пациентке жай ғана өз басындағы сөзді айтуға және оны мәтінге айналдыруға мүмкіндік береді. Көптеген адамдар үшін бұл сөздерді айтуға тырысқаннан әлдеқайда оңай болуы мүмкін», - деді осынау жүйені әзірлегендердің бірі - Сара Ванделт (Sarah Wandelt). BrainGate консорциумының тағы бір ми-компьютер интерфейсі мотор кортексінен сигналдарды тіркеп, оларды минутына 16 сөз жылдамдығымен әріптерге айналдырады. Нейрологтар мидың психикалық сигналдарын нақты уақытта жазбаша мәтінге айналдыра алды. Жаңа имплант пен компьютерлік жүйе өз құрдастарына қарағанда екі есе жылдам, минутына 90 таңбаға дейін түсіреді. Мұнндай жүйені BrainGate зерттеу консорциумы жасады, оның мүшелері ми-компьютер интерфейстерінің түрлерін әзірлейді.

Ұқсас материалдар:

«Сал ауруына шалдыққан адамдар үшін жоғары дәлдіктегі нейроимплант жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sal-auruyna-shaldyqqan-adamdar-ushin-jogary-daldiktegi-neiroimplant-jasaldy-17665/#gsc.tab=0);

«Ми-компьютер интерфейсіне жалғанған AR-гарнитура адамның не ойлап отырған «айтып бере алады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mi-kompyuter-interfeisine-jalgangan-ar-garnitura-adamnyn-ne-oilap-otyrgan-aityp-bere-alady-video-16055/#gsc.tab=0);

«Нейротрансплантациядағы төңкеріс: чип миға отасыз енгізілді» https://islam.kz/kk/news/gylym/neirotransplantatsiyadagy-tonkeris-chip-miga-otasyz-engizildi-17074/#gsc.tab=0);

«Сал болып қалғандардың жүруіне мүмкіндік беретін жұлын импланты жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sal-bolyp-qalgandardyn-juruine-mumkindik-beretin-julyn-implanty-jasaldy-16403/#gsc.tab=0);

«Жұлыны зақымдалып сал болып қалғандарды аяғынан тік тұрғызатын иньекция жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/julyny-zaqymdalyp-sal-bolyp-qalgandardy-ayagynan-tik-turgyzatyn-inektsiya-jasaldy-video-16303/#gsc.tab=0);

«Терапияның жаңа түрі сал болып қалғандарды аяғынан тұрғызуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/terapiyanyn-jana-turi-sal-bolyp-qalgandardy-ayagynan-turgyzuy-mumkin-16274/#gsc.tab=0);

«Гендік терапия сал ауруын жеңді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gendik-terapiya-sal-auruyn-jendi-14702/#gsc.tab=0);

«Зақымдалған жұлынға бекіткен импланттан сал болып қалған науқас жүріп кетті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/zaqymdalgan-julynga-bekitken-implanttan-sal-bolyp-qalgan-nauqas-jurip-ketti-video-16404/#gsc.tab=0);

«Жасанды ми жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-mi-jasaldy-12918/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат