Жай оғын өзіне тартып, қауіптің бетін қайтаратын дрон құрастырылды
Жай оғын өзіне тартып, қауіптің бетін қайтаратын дрон құрастырылды
19 күн бұрын 584 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жай оғын, яғни, найзағайды өзіне  тартып, 150 000 А деңгейіне дейін соққы күшіне төтеп бере алатын, ұшатын аппарат құрастырылды. Бұл жайында islam.kz порталы жапондардың group.ntt ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Nippon Telegraph and Telephone (NTT) компаниясы дронның көмегімен найғзағайды тартатын және қайта бағыттайтын технологияны әзірледі. 2024 жылдың желтоқсан айынан 2025 жылдың қаңтарына дейін созылған тәжірибе күншығыс елінің Симане префектурасындағы тау сілемдерінде жүргізілді. Бұл технология найзағайдан болатын қауіптің (орман өрті, инфрақұрылымның істен шығуы, т.б.) бетін қайтарып қоймай, сонымен қатар, бүкіл әлемдік метереологиялық ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, жылына алты мыңдай адам жай түсіп қаза табады, міне осындай табиғаттың тосынан мінезінен орын алатын өлім-жітімді азайтуға көмектеседі. Бұл бағыттағы сынақтар барысында инженерлер электр өрісін жерден бақылап, найзағай жақындаған кезде аппаратты іске қосты. Желтоқсанда ток өткізгіш «арқаны» (сым) бар дрондар 300 м биіктікке көтерілді, ал жерге қосылу разрядты тудырды: ғалымдар 2000 вольттан астам кернеуді, сым бойымен қуатты токтың ағынын және сыртқы өріс кернеуінің өзгергенін тіркеді. Дрондар істен шықпас үшін инженерлер оларға найзағайдың соққысына төтеп беретін қорғаныс торларын орнатқан. Металл экран электрониканы тiкелей тиген кезде де зақымданудан қорғайды. Тәжірибе кезінде дрон соққыдан аман қалып қана қоймай, ұшуын жалғастырған. Сынақтар нәтижесі көрсеткендей, қорғаныс қабілеті 150 кА дейінгі токты көтере алады – бұл көрсеткіщ найзағай үшін орташа мәннен бес есе көп. Бір ғана Жапонияда найзағайдан жылына 200 млрд йен (жапондардың ұлттық валютасы – ред.) шыығын көреді. Дрон арқылы жел электр стансаларын, т.б. жай соққысынан қорғаудың өзгеше мүмкіндігі пайда болды. Жапон ғалымдары алдағы уақытта бұл жетістікпен шектеліп қалмай найзағайдың қуатын (энергиясын) жинайтын әрі сақтайтын құрылғы ойлап табуды жоспарлап отыр.

 

0 пікір
Мұрағат