Вена қаласындағы мектептердегі мұсылман оқушылар саны христиандардан асты
|

2024-2025 оқу жылының ресми статистикалық дерегіне сәйкес Австрия астанасындағы бастауыш және орта мектептердегі христиан оқушылар қарасы 34,5%-ға дейін төмендеп, мұсылман оқушылар саны 41,2%-ға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Христиандар ішінде католик оқушыларының қарасы - 17,5%, православтықтар - 14,5%, протестанттар - 1,7% құрайды. Вена қаласының басшылығы ұсынған бұл мәлімет Австрия астанасындағы елеулі демографиялық өзгерістерді көрсетеді. Еуропалық аталған елдегі мұсылмандар қарасы 750 мыңға жеткен. Салыстырмалы талдау нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың 23%-ы діни сенімін көрсетпеген, ал басқа діндер, оның ішінде буддизм (0,2%) және иудаизм (0,1%) аз. Соңғы жылдары Аустрия үкіметі көші-қон саясатын және діни бірлестіктерге қойылатын талаптарды қатаңдатты, соған қарамастан діни ландшафт трансформациясы жалғасуда.




