Қуық асты безінің қатерлі ісік ауруын емдеудің бірегей әдісі пайда болды
Қуық асты безінің қатерлі ісік ауруын емдеудің бірегей әдісі пайда болды
19 күн бұрын 584 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock / Fotodom

Америкалық  компаниясы Francis Medical ысытылған су буын пайдалана отырып қуық асты безінің ісіктерін жоятын құрылғы жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Xpress мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тәсіл медицинада үлкен жетістік ретінде танылды: 2023 жылы бірегей технология FDA (Америка құрама штаттарының тағам өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын қадағалау органы) тарапынан  Breakthrough Device (Бірегей құрылғы) мәртебесіне ие болды, яғни, қауіпті ауруларды емдеудің инновациялық шешімдерін жылдамдататын белгіге ие құрылғы ретінде танылды. Бұл технология бойынша дәрігер уретра (зәр жіберетін арна) арқылы жұқа құрылғыны енгізіп, инені зақымданған аймаққа бағыттайды да шамамен 100 °C температурада бу бөледі. Небәрі 10 секундтың ішінде ол қатерлі ісік жасушаларын дені сау тінге аз зақым келтірмей өлтіреді. Процедураны ультрадыбыстық зерттеу құрылғысы (УЗИ) арқылы бақылауға болады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесінде 15 пациенттің бірде-біреуінде кері әсері байқалмады. Ал тиімділік көрсеткіші - 100 пайыз. Сарапшылардың пікірінше, су абляциясының (сумен емдеудің әдісі) маңызды артықшылығы бар: ол жылуды басқа термотерапиялардағыдай өткізгіштен гөрі конвекция (тікелей) арқылы береді. Бұл қуық асты безі обырының зиянды әсерін шектеуге және көрші тіндер үшін қауіп-қатерді барынша азайтуға мүмкіндік береді, демек, қуықтың қызметі мен жыныстық қатынас қызметіне өз кесірін тигізбейді. Десе де бұл тәсіл барлық науқасқа бірдей жарай бермейді: қатерлі ісігі орташа деңгейдегі ерлерге тиімділігі жоғары.

0 пікір
Мұрағат