Жаһандық жылынумен табиғаттың өзі күреседі – бұлтты ағартатын орман
Жаһандық жылынумен табиғаттың өзі күреседі – бұлтты ағартатын орман
3 жыл бұрын 2585 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар тапсасында жарияланған «Жерді жаһандық жылынудан құтқарудың амалы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdi-jahandyq-jylynudan-qutqarudyn-amaly-tabyldy-15787/#gsc.tab=0) материалымызда Вашингтон университетінің, сондай-ақ, Тынық мұхиты солтүстік-батыс ұлттық зетханасының Xerox Palo Alto Research ғалымдарының «Теңіз бұлтын жарықтандыру жобасы» турасында айтып өткенбіз. Аталмыш жоба жаһандық жылынумен бұлтты ағарту тәсілімен күресуді ұйғарады. Аспандағы бұлтты технология көмегімен жасанды жолмен ағартуды ұйғаратын аталған тәсілден бөлек фин ғалымдары мұны табиғаттың өзі де іске асыра алатынын дәлелдеп берді. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы басылған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұлт неғұрлым жарық болса, соғұрлым күн радиациясын азайта алады жер бетіндегі, осылайша планетаның салқындауына жағдай тудырады. Жарық бұл күн сәулесін барынша шағылыстыру арқылы жерді ысып кетуден сақтай алады. Ауа температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын солтүстік ендіктегі орман-тоғай бұлтты ағартатын органикалық арозолды соғұрлым мол бөлетін болып шықты. Осылайша климаттың тепе-теңдігін сақтауға септігін тигізеді. Дәлірегі, солтүстіктегі орман-тоғай бөлетін ұшпалы органикалық қосындыны, бұлттағы аэрозолдың шоғырлану деңгейін зерделей келе фин ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Анализ Hyytiälä SMEAR II стансасынан және MODIS NASA ғарыш аппаратының алынған деректерге негізделген. Бұдан бөлек, солтүстіктіге орман-тоғай бөлетін органикалық ұшпалы қосындыдан жауын тамшылары көбейетін болып шықты (қараңыз: «Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0); қараңыз: «Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0). 

0 пікір
Мұрағат