Жаһандық жылынудың қарқынын бәсеңдететін бактерия жасалды
Жаһандық жылынудың қарқынын бәсеңдететін бактерия жасалды
3 жыл бұрын 1783 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иллинойстегі LanzaTech  синтетикалық биология компаниясының мамандары күнделікті тұрмыста қолданылатын әрі медицинада залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаланылатын, сондай-ақ, акрилді шыны мен полипропилендік пластиктің негізі болып табылатын көміртектің монооксиді мен көміртектің диоксидін ферменттейтін Clostridium autoethanogenum бактериясын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы inverse.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бактерияны CO мен CO2-ні көміртектен ада пайдаоы өнімге айналдыра алады, яғни, осылайша атмосферадағы көмірқышқыл газын азайтып, жаһандық жылынудың бетін қайтаруға ықпал етеді. Әдетте ацетон мен изопропанолды дайындау үшін қазбалы отынның мол мөлшері кетеді. Ацетон бензол мен пропиленнен алынады. Ғалымдардың келтірген дерегіне қарағанда, бұл саладағы әлемдік нарықтың айналымы 10 млрд доллардан асып кетеді. Ғалымдар осынау химиялық заттарды өндірудің экологияға зияны жоқ тәсілін ойлап тапты. Ол ол ма, аталмыш әдіс арқылы жасалған химиялық заттар атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартады. Ашытқының ашуы кезінде қант «желініп» этанолға айналдырылады. Осыған ұқсас процесте бактерия CO және CO2-мен қоректеніп, өзге химиялық зат өндіретіндей етіп жобаланған болатын. алдын ала жобаланған табиғи түрінде ол этанол бөледі. Синтетикалық биологияны пайдалана отырып, бактерияны ацетонды да өндіре алатындай етіп жобаланған еді. LanzaTech компаниясының сиентетикалық биология бөлімінің директоры Майкл Кепкенің айтуынша, кәдімгі автокөліктің өзі жанармай-жағармай галлонына 9 келіге тарта CO2 бөледі – яғни, бір автокөлік жылына шамамен 4,6 метрикалық тонна көмірқышқыл газын бөледі деген сөз Ацетон мен изопропилді спирттің күнделікті өмірде жиі қолданылатын химиялық заттар екенін ескерсек, одан қоршаған бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшері жоғары.             

0 пікір
Мұрағат