|
Әскери мақсатқа қызмет ететін мутант, супер иттер пайда болады (видео)
|
Америкалық өзгеше стартап ДНҚ-ның жекелеген аймақтарын өзгертіп, қабілеті жоғары жануарларды клондап, әскери операцияларға арналған, яғни, генетикалық тұрғыдан жетілдірілген қызметтік иттерді әзірлейтін болады. Бұл жайында islam.kz порталы The Verge ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қызметтік иттер әскерилерге жарылғыш заттарды табуға, адамдарды іздеуге және адам қауіп төнген жерде жұмыс істеуге көмектеседі. Осындай супер иттерді әзірлеу үшін биотехнологияларды, клондауды және әскери жабдықтарды біріктіретін Warhound стартапы құрылды.
Иттердің гендерінде не өзгертуді жоспарлап отыр
Warhound компаниясын Colossal Biosciences биотехнологиялық компаниясының негізін қалаеғандардың бірі Бен Лемм мен Anduril қорғаныс компаниясының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Палмер Лаки құрған еді. Ерекше стартап 200 млн доллар инвестиция тартты. Оның жетекшісі - бұрын құрама штаттардың теңіз жаяу әскерлерінде қызмет істеген және барлаушы Дэвид Спирк.
Colossal Biosciences компаниясының генетикалық зерттеулер, клондау және жануарлардың ДНҚ-сын өзгерту бағытында жұмыс тәжірибесі бар. Міне, аталмыш компания өкілдері белгиялық малинуа мен неміс овчаркасын әскери және полиция қызметіне бейімдейтін генетикалық трансформация процедурасын қолға алмақ.
Бірегей жоба мақсаттарының бірі жануарлардың денсаулыққа қатысты, яғни, тұқым қуалайтын аурулар қатерін азайтуға саяды. Бен Лемм иттердің белгілі бір қабілеттерін күшейту мүмкіндігін қарастырады, мысалы, жарылғыш заттарды іздеу үшін қажетті жылдамдық, ептілік және иіс сезу қабеліттерін арттыруды көздейді. Бұл тарапта жануарлардың денсаулығына жанама немесе кері әсерін тигізбей бұл тәәжірибені қаншалықты сәтті орындайтыны әзірге белгісіз.
Әскерилерге генетикалық тұрғыдан жетілдірілген иттердің не қажеті бар
Айрықша жобаны іске қосудың бір себебі - америкалық әскерилерді қызметтік иттермен қамтамасыз етудегі қиындықтар. Warhound мәліметінше, мұндай жануарлардың 80% -дан астамы Еуропадан сатып алынады. Сонымен бiрге, ұзақ iрiктеу және оқыту процесiнен кейiн шетелде сатып алынған иттердiң жартысынан көбісі қызметке жарамсыз болып шығады.
Дайындық үш жылға жуық уақытты алады. Жануар іріктеуден өтуі, арнайы тапсырмаларды орындап үйренуі және нақты жағдайға қажетті дағдыларды көрсетуі тиіс. Егер ит мұндай талаптарға жауап бермесе, оны қызметке жібермейді.
Warhound өзінің тәсілін өзгерткісі келеді: қажетті сипаттамалары бар иттерді таңдау, олардың денсаулығымен жұмыс істеу және ең жетілген жануарлардың генетикалық желілерін жаңғырту үшін клондау технологиясын пайдаланбақ. Осылайша АҚШ Еуропадан сатып алынатын арнайы машықтарға үйретілген иттерге деген тәуелділігін азайтуды көздейді
Иттер қандай әскери технологияларға ие болады
Warhound, сондай-ақ, қорғаныс технологияларын әзірлейтін Anduril-мен ынтымақтасады. Қызметтік иттерді көз бен құлаққа арналған қосымша қорғаныш қабатымен, EagleEye жүйелерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, осылайша иттерге қоршаған ортаға жақсы бейімделуге және тапсырмаларды орындау кезінде маңызды ақпарат алуға көмектесуі тиіс.
Яғни, әңгіме биологиялық ерекшеліктер туралы ғана емес, сыртқы жабдықтар мен сенсорлық технологиялар туралы да болып отыр. Компания иттердің қауіпті жағдайларда тиімді жұмыс істеуін қалайды, ал олармен жұмыс істейтін адамдар жағдайды бағалау үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.
Иттердің генетикалық ерекшеліктері кейбір жануарлардың белгілі бір аурулармен жиі аурытатынын, ал басқаларының қалайша ұзақ өмір сүретінін түсіндіруге көмектеседі. Қазан айында ғалымдар 900-ге жуық иттің ДНҚ-сын зерттеп, ірі денелі иттердің қартайған сайын геномының белгілі бір бөліктерінің тез жоғалтатынын анықтады. Бұл айырмашылықтар үлкен иттердің орта есеппен кішкентай иттерден неғұрлым аз өмір сүретінін ішінара түсіндіріп бере алады.