Иммундық жүйенің белсенді күйге енетін тетігі белгілі болды
Иммундық жүйенің белсенді күйге енетін тетігі белгілі болды
5 жыл бұрын 3057 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар анықтағандай, иммундық жасушалар (макрофагтар) ауру тудыратын бактерияларға немесе қатерлі ісік жасушаларына шабуылдамас бұрын макрофагтар тиісті деңгейде тойтарыс бере алатын мөлшерде бір орынға шоғырланатын болып шықты. Бұл жайындағы зерттеу нәтижесі айтылған ғылыми мақала Nature Communications мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, иммундық жасушалардың бұл әрекеті бірыңғайда бактериялардың мінез-құлқын еске түсіреді. Яғни, бактериялардың бірқатары бір орынға көптеп жиналып, биопленка түзеді. Осылайша дәрі-дәрмекке төзімділігін қалыптастырады. АҚШ-тың Солтүстік-батыс университетінің ғалымдары иммундық жасушалардың макрофагтардың бір орынға шоғарлану мөлшерін бағалайтынын тетікті анықтады. Белгілі болғандай, олар арнайы рецептордың көмегімен «альфа ісігінің некрозы факторы» деп аталатын TNF затының шоғырлану деңгейін бағалайды. Барлық макрофаг аталмыш затты істеп шығарады, ал, оның мөлшері белгілі бір мәнге ие болғанда иммундық жасушалар белсенді күйге еніп, ауру көздеріне, атап айтқанда, бактерияға, ісікке, зақымдалға жасушаға шабуыл жасайды. Америкалық ғалымдар анықтаған бұл тетіктің қандай маңызы бар? Олардың сөзіне қарағанда, бұл жаңалық өз кезегінде қажет кезінде иммундық реакцияны белсендіруге немесе арты аутоиммундық ауруларға апарып соқтыратын аса күшті иммундық белсенділікті бәсеңдетуге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат