Ғұмырды ұзартудың (хромосомның ұшын стимуляциялау) тағы бір тәсілі табылды
Ғұмырды ұзартудың (хромосомның ұшын стимуляциялау) тағы бір тәсілі табылды
4 жыл бұрын 3777 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетінің ғалымдары организмді қартаю процесіне себепкер хромосомның ұшын стимуляциялау (яғни, хромосомның қысқару мерзімін ұзарту) әдісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда жақша ішіне алып айтарымыз, хромосомның не екенін бұрын да жасушаға қатысты танымдық материалдарымызда кеңінен тоқталып өткенбіз. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, жасуша ядросындағы гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын оргоноидтар. Хромосома өздігінен көбейе алады, өзіндік құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосома терминін алғаш рет неміс ғалымы В.Вальдейер ғылыми қолданысқа енгізген (1888 ж. – ред.). Ал теломер дегеніміз (бұл терминнің де түп-төркіні туралы бұрынғы танымдық материалдарымызда тарқатып айтып кеткенбіз, естеріңізде болса – ред.) қорғаныш қызметін атқаратын хромосомның ұшы. Теломер ұшының қысқаруымен байланысты Хейфел шегі (Аталмыш термин жөнінде сайтымыздың жаңалықтар таспасында осыдан 3 ай бұрын жарияланған «Бактериялық жасуша өздігінен өлмейді. Ал адам жасушасы белгілі бір мерзімнен кейін өледі. Неге?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalyq-jasusha-ozdiginen-olmeidi-al-adam-jasushasy-belgili-bir-merzimnen-keiin-oledi-nege-14369/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalyq-jasusha-ozdiginen-olmeidi-al-adam-jasushasy-belgili-bir-merzimnen-keiin-oledi-nege-14369/#gsc.tab=0) танымдық материалымызда айтып өткенбіз – ред.) деп аталатын ұғым бар: соматикалық жасушалардың бөліну шегін (шамамен 50 рет бөлінеді) білдіреді, осыдан кейін жасуша қартаяды. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, теломерге әсер ете отырып, оның бастапқы ұзындығының қалпына келуіне атсалысатын теломераз ферменті ДНҚ-ны қалпына келтіре алатын болып шықты. Жаңа технология кері теломераздық транскриптаз (TERT) генін қамтитын түрлендірілген РНҚ –ны пайдаланады. Рибонуклеиндік қышқылды енгізсе, теломераздың белсенділігін 1-2 күнге арттырады, осылайша теломердің ұзаруына жол ашады. Осының нәтижесінде жасуша қарқынды түрде бөлінетін болады. Осылайша ғалымдар теломердің ұзындығын 1000 нуклеотидтен де көп ұзартуға қол жеткізе алды, бұл көрсеткіш адам ғұмырының бірнеше жылға ұзаруына пара-пар. Ең маңыздысы – бұл процесс адам денсаулығына зиянсыз әрі жасушалардың шектен тыс бөлінуіне апарып соқтырмайды. Егер мұндай жағдай орын алса, яғни, жасушалар шектен тыс бөлінетін болса, иммундық жүйе оранизмге енген РНҚ-ға жауап қатып үлгермейді, яғни, иммундық жүйе мұндай жүкке төтеп бере алмай істен шығар еді.

Ұқсас материалдар:

«Соңғы 20 жылда адамның ғұмыры 6 жылға ұзарған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jylda-adamnyn-gumyry-6-jylga-uzargan-14516/#gsc.tab=0);

"Ғұмырды ұзартуға септігін тигізетін өзгеше фактор табылды" (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartuga-septigin-tigizetin-ozgeshe-faktor-tabyldy-12824/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат