Ғарыш аппараттарына арналған күннен қуат алатын батареяны өздері құрастырады
Ғарыш аппараттарына арналған күннен қуат алатын батареяны өздері құрастырады
6 жыл бұрын 4654 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістан АҚШ-тан ғарыш аппараттарына арналған күннен қуат алатын панел өндірісіне қатысты технологияны сатып алды. Мақсат - ғарыш аппараттарына арналған, күннен қуат алатын батареяларды өзі құрастырмақ. The Times of India мерзімді басылымы таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, ел билігінің бұл қадамы ұлттық ғарыш бағдарламасын дамыту үшін жасалып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Үндістан билігі бүгінгі таңда ғарышты белсенді игеруге, ғарыш технологиясының иглігін көруге барынша ден қойып, қатты көңіл бөліп отыр. "Қазіргі уақытта біз АҚШ-тан импорттауға басы бүтін кіріптармыз. Қазірдің өзінде күн батареяларын көтере сатып алуда нақты бір шектеулерге жолығып отырмыз. Егер қандай да бір себептермен осынау маңызды құрастыруға қажетті бөлшектер импорты тоқтайтын болса, онда біздің ғарыштық бағдарламамыз құрдымға кетеді. Импортқа тәуелділікті кеміту үшін оны (күн батареясы) өзіміз өндіруді қолға алмақпыз",- деді үнді ғарыш зерттеулер ұйымының (ISRO) жетекшісі Кайласавадиву Сивана. Осылай дей келе бір спутник үшін 1,5 мыңнан 10-015 мың күн батареясының ұяшығы керектігін жеткізді. Мұндай батареясыз жасанды жер серігі көп ұзамай ғарыш қоқысына айналмақ. ISRO мәлім еткендей, алдағы бес жыл ішінде Үндістан мамандары ғарышқа 60 аппаратты ұшыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы Үндістан ғарышты зерттеуге бөлінген қаржы мөлшері бойынша бесінші орынға табан тіреді: АҚШ (1-ші орын), Қытай (2), Ресей (3), Жапония (4). 

0 пікір
Мұрағат