Ғалымдар тыныс алуға зәрулігі жоқ тіршілік иесін «жасады»
Ғалымдар тыныс алуға зәрулігі жоқ тіршілік иесін «жасады»
3 жыл бұрын 2162 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Людвиг Максимилиан унисерситетінің ғалымдары тәжірибе жүзіндегі жаңа тіршілік формасын жасады: бақашабақ (головастик) балығы мен балдырдың жасанды симбиотын (симбиоз – бір-біріне пайдасын тигізетін екі түрлі организмнің бірге болуы – ред.) өмірге әкелді. Балдыр балыққа оттегісі жоқ ортада фотосинтез (анықтамасы төменде – ред.) көмегімен оттегі істеп шығарады. Аталған балық оттегісі жоқ ортада өз бетінше тіршілік ете алмайды, оның миы оттегімен қанығуы тиіс. Ал балдыр өсімдікке тән фотосинтез процесі арқылы оттегі бөлмек. Бұл жайында islam.kz порталы The Scientist ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндағы ғалымдардың көздегені – тіршілік иесі үшін оттегіні сырттан алмай, яғни, оттегіге деген қажеттілігін азайту үшін тіршілік иесінің өз организімінде өндіру. Балдыр балықтың организіміне кіріккен соң ғалымдар оттегінің шоғырлану деңгейін біртіндеп кемітіп көреді. Содан соң тәжірибе жүргізілген балықтың организіміндегі балдырды жарықтандырған болатын. Нәтижесінде балдыр оттегі істеп шығара бастады. Бұл тараптағы тәжірибе сәтті аяқталғанымен тыныс алудың баламалы озық технологиясына қол жеткізу әзірге алыс. Бақашабақ балығы бұл бағыттағы зерттеуге оның жүйке жүйесінің қарапайым болғандығы үшін таңдалды. Ал миы әлдеқайда дамыған өзге тіршілік иелері мұндай жағдайда өзін қалай ұстайды? Бұл әзірге беймәлім. Олар бақашабақ балығы секілді әрекет ете ала ма? Секунд сайын өкпеге жеткізілетін оттегі мөлшерін істеп шығаруы үшін қанша балдыр және қанша жарықұ қажет болмақ? Бұл зерттеу несімен маңызды? Өкпе секілді маңызды тыныс алу ағзасы істен шыққанда (әсіресе, бүгінгідей жұқпалы індет жайлағанда) немесе инсульт алғанда миды оттегімен қамтамасыз ету я болмаса су астында қосымша сақтандырушы құрал ретінде пайдалануға болатын тетікті іздестірудың маңызы зор.

Уикипедия ашық, электронды энциклопедиясынан алынған мәлімет:

Фотосинтез – (гр.фотос - жарық және синтез) - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі.Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі. 

0 пікір
Мұрағат