Ғалымдар соқыр болып қалғандарды eмдeп жазатын жаңалық ашты
Ғалымдар соқыр болып қалғандарды eмдeп жазатын жаңалық ашты
8 жыл бұрын 3289 Nur.kz ҚазАқпарат Бионикалық саусақ

Англияның Кардифф және Жапонияның Осака университеттерінің ғалымдары адамның ствол жасушаларынан көздің көп қабатты тіндерін өсіріп шығарудың орайы келді. Тәжірибе барысында аталмыш тіндер жануарларға салып көрілген. Нәтижесінде көздің алдыңғы қабаты мен қарашығын қалпына келтіруге болатынына көз жеткізілген. Ғалымдар бұдан бұрын лаборатория жағдайында көздің ішкі тор қабығы мен мүйізгек қабығын өсіріп шығаруға қол жеткізген еді. Алайда, олар қазір одан да тереңге бойлап, көздің ішкі тор қабығынан, көздің мүйізгек қабығынан және көздің шырықты қабығынан тұратын күрделірек құрылымды жасап шығарып отыр. Жасанды «көз» зерттеу шеңберінде көздің мүйізгек қабығы қолдан соқыр етілген қояндарға салынған. Транплатация олардың қайтадан көріп кетулеріне жағдай туғызған. Жаңалықтың Эндрю Куаток бастаған авторлары осы эксперименттердің өзі адамдар арасында соқыр болып қалғандарды жазып жіберуге толық мүмкіндік беретінін айтады.

 

Ғалымдар тиген жерін сезетін бионикалық саусақ жасап шықты 

Нейроинженерлер қысымды ғана емес, әрі ұстаған нәрсенің сыртын да сезетін бионикалық саусақ жасап шықты. Құрылғы кесілген саусақтың орнындағы адамның жүйке талшықтарына жалғайды. Ғалымдар оны инелермен бүтін саусаққа да қоса алады.

Жасанды саусақты сынауға 11 жыл бұрын қолында фейерверк жарылып саусағынан айырылған адам шақырылды. Оның саусағының орнындағы жүйке талшықтарына медицина қызметкерлері сымдар және сенсорлар жалғау арқылы бионикалық саусақты қосты.

Сынақ кезінде жасанды саусақпен түрлі затты басып, ұстап көрді. Алынған белгі компьютермен өңделді әрі сынаушыға жіберілді, ол болса нені сезгенін айтып беріп отырған.

96 пайыз жағдайда ол тегіс затпен үсті бұдыр затты айыра алды. «Нәрсені өз саусағымен сезгендей күйде боласың», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат